Академиялық жазу


Диплом жұмысының құрылымдық элементтері



бет19/39
Дата22.11.2023
өлшемі3,67 Mb.
#192845
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   39
Байланысты:
Акад.жазу 2022
биофиз
Диплом жұмысының құрылымдық элементтері:

- Мұқаба;

- Бірінші беті;

- Диплом жұмысын (жобасын) орындау бойынша тапсырма;

- Мазмұны;

- Кіріспе;

- Негізгі бөлім;

- Қорытынды;

- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі;

- Қосымша.




Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғауға дайындық. Дипломдық жұмысты қорғау
Жұмысты қорғауға дайындау барысын бақылауды ғылыми жетекші жүзеге асырады, ол студент жұмысының күнтізбелік жоспары негізінде дипломдық жұмыстың дайындық дәрежесін белгілейді және дипломдық жұмысты қорғауға жіберу мәселесін шешеді.

Дипломдық жұмыс алдын ала қорғау процедурасынан өту үшін түлектерді дайындап шығаратын кафедраға беріледі.

Дипломдық жұмысты алдын ала қорғау процедурасы студенттердің қатысуымен және ғылыми жетекшінің міндетті түрде болуымен кафедраның ашық отырысында жүргізіледі. Алдын ала қорғау кафедра отырысының хаттамасымен рәсімделеді.

Алдын ала қорғаудан табысты өткен және белгіленген талаптарға сай рәсімделген, аяқталған дипломдық жұмысқа студент қол қояды және ғылыми жетекшісіне береді. Ғылыми жетекші дипломдық жұмысқа жазбаша пікір жазады.

Бір апта бұрын уақыттан кеш емес дипломдық жұмыс ғылыми жетекшінің пікірімен және кафедра меңгерушісінің қорғауға жіберген рұқсатымен бірге сыртқы рецензиялауға жіберіледі.

Студент мемлекеттік комиссияға мыналарды ұсынады:

- дипломдық жұмыстың қатты мұқабадағы түпнұсқасын; - ғылыми жетекшінің пікірін, сыртқы рецензияны;

- ғылыми жетекшінің тапсырмасын және дипломдық жұмысты орындау графигін;

- дипломдық жұмыстың дискідегі электрондық нұсқасын (Плагиатқа қарсы мәліметтер базасын қалыптастыру үшін).

Дипломдық жұмысты қорғау алдында студент баяндаманы, Power Point форматындағы таныстырылымды, басқа да демонстрациялық материалдарды дайындауы тиіс. Ұзақтығы 10 минутқа дейін созылатын мәлімдемеде жұмыстың негізгі ережелерін көрсету, өз қорытындылары мен нұсқауларын мазмұндап, негіздеу қажет


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет