Мектеп жасына дейінгі балалардың невротизациясы Мектеп жасына дейінгі балаларда кездесетін невроздардың белгісі ретінде қорқыныш болып
табылады. Балалықшақтағы қорқыныштарды зерттеу жеткіліксіз болғандықтан бала тұлғасымен
оның іс-әрекет нәтижелеріне әсеретуді анықтау оңай емес. Біздің пікірімізше, осы бағыттағы
зерттеу жұмыстары мектеп жасына дейінгі балалардың көптеген мәселелерін шешуге көмектеседі.
Аталмыш жұмыс әртүрлі психикалық даму кезеңдерде өтетін балалардың шектік психикалық
бұзылыстардың салыстырмалы-жастық формаларын зерттеуге бағытталған. А. И. Захаров
әдістемесі арқылы 3ж. 8ай мен 5ж. 5ай жас аралығындағы мектеп жасына дейінгі балалардың
қорқыныштары анықталған. Қорқыныштардың жиілігі, мазмұны мен саны айқындалды.
Қорқыныштардың өсуі мен интенсивтiлiгi невротизациясы деңгейімен корреляцияланады. Әртүрлі
жас топтарында қорқыныштардың статистикалық мәліметтерi берілген.