Акушерия Сыртқы акушерлік зерттеу. Гравидограмма. Ұрықтың биофизиялық профилі


Жүктілік пен босану мерзімін анықтауда



бет17/21
Дата28.05.2023
өлшемі76,61 Kb.
#177837
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Акушерия 1-16

Жүктілік пен босану мерзімін анықтауда

  • сонғы етеккірдін бірінші күні (етеккірлік мерзім). Жиі жүктіліктін мерзімін болған етеккірдің 1-күнінен есептеу, овуляцияның болжам күні бойынша (овуляторлы мерзім) анықтайды, ол үшін етеккір циклының үзақтығын ескеріп, оның ортасынан бастап есеп жүргізеді.

  • Жатырдың қлшемдері бойынша: жүктіліктің 1-акушерлік айының соңында (4 апта) жатырдың көлемі тауық жұмырткасындай. 2-акушерлік айдың соңында (8 апта) шамамен қаз жұмыртқасына сәйкес келеді. 3 акушерлік айдың соңында (12 апта) — жатырдың көлемі нәресте басынын көлеміндей, оның асиметриясы жоғалады, жатыр жамбас куысының жоғарғы бөлігін толтырады, түбі қасаға доғасының жоғарғы кырына жетеді. ОСылайша әр ай сайын көлемі ұлғайып отырады.

  • УДЗ бойынша: I триместрде эмбрионның құйымшак-төбе өлшемі (ТБӨ) маңызды болып табылады. II және III триместрлерде жүктілік мерзімі әртүрлі фетометриялык параметрлер бойынша анықталады: басының бипариетальды өлшемі мен айналымы, кеуде жасушасы мен ішінің орташа диаметрі, іш айналымы, сан сүйегінің ұзындығы. Жүктілік мерзімін анықтау үшін ультрадыбыстық зерттеуді жүктіліктің 24-аптасына дейін жүргізу тиімді деп есептеледі.

14.Гипертониялық ауруы бар жүктілерді бақылау принциптері. Жүктілікті үзуге көрсеткіш. Госпитализация мерзімдері. Госпитализация мақсаты және стационар типі.
ДДҰ деректері бойынша жүктілік кезіндегі АГ диагностикалық критерийлері систолалық АҚ деңгейі 140 мм және одан жоғары немесе диастолалық АҚ 90 мм және одан жоғары; жүктілікке дейінгі немесе жүктіліктің I триместріндегі АҚ деңгейлерімен салыстырғанда САҚ 25 мм және одан жоғары немесе ДАҚ 15 мм-ге ұлғаюы болып табылады.

  • Гипертониялық ауруы бар наукас әйелдердің жүктілігі мен босануын жүргізу аурудың ауырлық дәрежесі мен болуы мүмкін асқынуларды ерте анықтауға байланысты.

  • Гипертониялык аурудың III сатысына сәйкес келетін ауыр түрінде (АКК 200/115 мм сын.бағ. бойынша және жоғары, жүрек, ми, көздің торлы кабығы, бүйрек, т.б. зақымдалуы) жүктілікке тыйым салынады.

  • Гипертониялык ауруы бар жүкті әйелдер акушер гинеколог және кардиологтың тұрақты әрі мұқият қадағалауын қажет етеді. Қабылауға әр екі апта сайын келіп отыруы тиіс.

  • Егер жүкті әйелде ҚД, семіздік болса, міндетті түрде гипертониялық ауру бар жоқтығына тексеріс өтуі керек.

  • Тағайындалатын зерттеулер: ОАК; ОАМ; б\х + трансаминазалар деңгейі, липидті спектр + креатинин, мочевина;

  • СМАД, ЭхоКГ, ЭКГ, УЗИ почек и УЗДГ сосудов почек

  • 16 аптадан бастап СМАД тағайындалады. Ал егер ауыр дірежелі гипертония болса, анықталған күннен бастап жасайды.

  • Бұрын гипертензиясы бар әйелдер үшін жүктіліктің ерте сатысында тексеру жүргізу керек (егер бұрын тіркелмеген болса): Сарысу креатинині, аш қарынға қандағы глюкоза деңгейі, калий сарысуы және зәр анализі және ЭКГ;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет