Акушерия 1.Сыртқы акушерлік зерттеу. Гравидограмма. Ұрықтың биофизиялық профилі. Леопольд Левицкий бойынша сыртқы акушерлік зерттеу:
1-ші тәсілді жатыр түбі деңгейінің биіктігін және ұрықтың түбіндегі бөлігін анықтау үшін жүргізеді. Ол үшін екі қолдың алақаны жатыр түбін тығыз ұстайтындай, саусақтарын бір біріне жақындатып, бірақ жанастырмай орналастыру керек. Жиі жатыр түбінде ұрықтың жамбасы анықталады. Әдетте оны ұрықтың басынан ажырату қиындық тудырмайды, себебі жамбас бөлігі онша тығыз емес және анық шекарасы жоқ.
2-ші тәсілді жатыр қуысында ұрықтың орналасуын, позициясын және түрін анықтау үшін жүргізеді. Қолдарын жатырдың түбінен жатырдың оң және сол қабырғасына кіндікке дейін ығыстырады. Екі қолдың алақандарымен және саусақтарымен абайлап жатырдың бүйір қабырғаларын басады, ұрықтың арқасы мен ұсақ бөліктерінің орналасуын анықтайды. Ұрық арқасы кең және бүгілген беткей түрінде анықталады, ал ұсақ бөліктері қарама-қарсы жақта ұсақ қозғалмалы бұдырлар түрінде анықталады.
3-ші тәсілді ұрықтың келіп тұрған бөлігін сипаттау және оның кіші жамбас кіреберісіне қатынасын анықтау үшін жүргізеді. Ол үшін оң қолды шаттың жоғарғы жағына қойып, нәрестенің төменгі бөлігіне басбармақты бір жағынан, төрт саусақты екінші жағына орналастырып, содан кейін абайлап қолмен оңға және солға қимылдатады. Егер кіші жамбастың кіреберісіне ұрықтың келіп тұрған бөлігінің консистенциясы қатты, қозғалмалы болса, баспен орналасқанын, егер қозғалысы шектелген, ірі, жұмсақтау бөлігі анықталса, жамбаспен орналасқанын айтуға болады.
4-ші тәсілді ұрықтың келіп тұрған бөлігін және оның кіші жамбас жазықтықтарына қатынасын анықтау үшін жүргізу. Дәрігер жүкті әйелдің аяғына қарама-қарсы тұрады. Қолды жатырдың төменгі сегментінің екі жағына қойып, саусақтарды кіші жамбас кіреберіс жазықтығының үстінен барынша түйістіре орналастырып, ұрықтың келіп тұрған бөлігінің сипаты мен орналасуын анықтайды.
Гравидограмма- жүкті әйелдің әр қаралуы сайын жүргізілетін жүктілік ағымының динамикасын көрсететін графиктік кесте болып табылады. Гравидограмманы жүктіліктің 20-аптасынан бастап жүргізеді. Клиникалық тәжірибеде екі көрсеткіш қолданылады, ол бойынша ұрықтың даму динамикасын бағалауға болады:
- Жатыр түбі биіктігі -қасағаның жоғарғы шетінен жатырдың түбіне дейінгі қашықтық;
- іш айналымы-кіндік деңгейіндегі іш шеңбері.
Бұл кесте Әр алмасу картасына қосымша ретінде болуы керек.
Жүктіліктің 20 аптасынан бастап жатыр түбінің биіктігі әр келген сайын өлшенеді. Егер жатыр түбінің биіктігі нормадан 2 см төмен болса, ЗВУР, судың аздығы немесе жүктіліктің белгіленген мерзімінен аз болуы туралы күдік туындайды. Егер жатыр түбінің биіктігі нормадан 2 см-ден көп болса, көпұрықты жүктілікке, үлкен ұрыққа, көпсулылыққа күдіктенеді.