Акушерия Сыртқы акушерлік зерттеу. Гравидограмма. Ұрықтың биофизиялық профилі


Физиологиялық босануды жүргізу. Анықтамасы. Босану басталуының диагностикалық критерийлері. Шүйденің алдыңғы түрімен келудегі босану биомеханизмі



бет6/21
Дата28.05.2023
өлшемі76,61 Kb.
#177837
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Акушерия 1-16
Неотложная доврачебная медицинская помощь, ВСРЗ 10 сынып алгебра каз
4.Физиологиялық босануды жүргізу. Анықтамасы. Босану басталуының диагностикалық критерийлері. Шүйденің алдыңғы түрімен келудегі босану биомеханизмі.
Босану дегеніміз жатыр қуысынан ұрықтың, плацентаның қабықшаларымен және қағанақ суының шығуымен сипатталатын физиологиялық процесс.
Физиологиялық босану деп гестацияның 37-41 апталығында, кенеттен басталған, асқынуларсыз болған, нәресте спонтанды баспен туылуы, босанудан кейін босанушы және нәрестенің жалпы жағдайының қанағаттанарлық болуын айтады.
Босану басталуының диагнсоткиалық критерийлері:

  • Тұрақты босану қызметінің болуы (10 минут ішінде кемінде 2 толғақ)

  • Қынаптық зерттеу кезінде-жатыр мойнының құрылымдық өзгерістері және / немесе жатыр мойнының ашылуы

  • Хорионамниотикалық қабықшалардың жыртылуы немесе қанды бөлінділердің пайда болуы

Босану механизмінің төрт негізгі кезеңдерін ажыратады.

  • Бірінші кезең - ұрық басының бүгілуі. Жатыр мойнының ашылу дәрежесіне және омыртқа бойымен берілетін жатырішілік қысымның өсуіне байланысты ұрық басы мойын бөлігінде бүгіледі .Бастың бүгілуі біртекті емес иінтірек ережелерін ескере отырып, жүзеге асады. Бұл заңның пайда болуы омыртқаның ұрық бас сүйегінің негізімен қосылған жері бас сүйек ортасында емес, иекке қарағанда, шүйде аймағында бекуіне байланысты болуы мүмкін. Солсебепті босану кезінде күшену күшінің көп бөлігі иінтіректің қысқа бөлігі - шүйдеге түседі. Ұзын иінтіректің соңында ұрықтың беті мен маңдайы болады.Бастың бет бөлігі жамбастың атаусыз сызығы жағынан қарсылыққа тап болады. Нәтижесінде жатырішілік қысым төмен түсіп келе жатқан ұрық шүйдесіне басады, ал иегі кеудеге қысылады. Кіші еңбек жамбастың өткізгіш сызығына жақындап, үлкен еңбектен төмен орналасады. Қалыпты жағдайда ұрық басы жамбас жазықтығынан тар бөлігіне дейін өтуі үшін қажет өлшемге дейін бүгіледі. Бүгілу кезінде бас өлшемі қысқарады. Ұрық басы осы кезде кіші өлшемге сәйкес (9,5 см) немесе соған жақын өлшеммен жамбас жазықтығынан өтеді.

  • Екінші кезең - бастың ішкі бұрылысы .Ұрық басы жамбас қуысының кең бөлігінен тар бөлігіне жылжу кезінде, бүгілумен бір уақытта ішкі бұрылысын жасайды. Осы кезде ұрық басы өзінің жебе тәрізді жігімен жамбастың тік өлшеміне сәйкес орналасады. Шүйдесі қасағаға жақындайды, бет бөлігі сегізкөз ойысында орналасады. Шығаберіс куысында жебе тәрізді жік тура өлшемде болады, ал шүйде ойығы - қасаға астында орналасады. Нәтижесінде жамбас кабырғаларымен тығыз қамтылған, түсіп келе жатқан ұрық басы оның бетімен сырғи отырып, өзінің кіші өлшемдерімен жамбастың үлкен өлшемдеріне бейімделеді. Аралық бұлшықеттері де жиырыла отырып, бастың бұрылысына себепші болады

  • Үшінші кезең – бастың шалқаюы. Бұл кезең ұрық басы үлкен сегментімен шығаберіс куысында орналаса отырып, қасағаның төменгі қырына шүйде ойығымен тірелгенде басталады. Осы кезде ұрық айналу нүктесін түзеді (гипомахлион).Ұрық басы айналу нүктесінде айнала отырып шалқаяды да ,туылады.Күшенудің нәтижесінде жыныс саңылауынан төбе,маңдай,беті мен иегі туылады.

  • Төртінші кезең - дененің ішкі және бастың сыртқы бұрылысы .Ұрық иығы жамбас кіреберісінің көлденең өлшеміне сәйкес орналасады. Ұрық жылжыған сайын, иықтары кіші жамбас қуысының тар бөлігінде көлденең өлшемнен қиғашқа, содан кейін жамбас шығаберісінің тура өлшеміне сәйкес ауысады. Иықтардың бұрылысы туылған басқа беріледі де, ұрық шүйдесі анасының сол жақ (I позицияда) немесе оң жақ (II позицияда) санына қарайды. Нәресте келесі кезектілікпен туылады: алға қараған иықтың жоғарғы 1/3 - омыртқаның бүйірлік бүгілуі - артқа қараған иық - ұрық денесі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет