Акушерия Сыртқы акушерлік зерттеу. Гравидограмма. Ұрықтың биофизиялық профилі


Босанудың бірінші кезеңі үш фазадан тұрады



бет9/21
Дата28.05.2023
өлшемі76,61 Kb.
#177837
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21
Байланысты:
Акушерия 1-16

Босанудың бірінші кезеңі үш фазадан тұрады:

  • латентті фазасы– ретті толғақтардан бастап жатыр мойнының құрылымдық өзгерістері пайда болғанға дейінгі аралықты айтады. (жатыр ернеуінің ашылуы 3-4 см). Ашылу жылдамдығы 0,35 см/сағ. Латентті фазаның ұзатығы 4-8 сағат (первородка), 4-6сағат (повт) құрайды.

  • активті фазасы– 3- 4 см - ден бастап жатыр мойнының толық ашылуына дейінгі кезең.Алғаш босанушыларда, активті фазасындағы жатыр мойнының ашылу жылдамдығы 1,5-2 см/сағ, қайта босанушыларда 2,0-2,5 см/сағ. Фаза соңында толғақ әр 2-4 мин сайын болып, қағанақ көпіршігі жарылады.

  • Баяулау фаза – жатырдың энергиялық потенциалы қалпына келуі болады (босану кезінде қарқынды жиырылуы үшін)

Партограмма - босанатын әйел мен ұрықтың жай-күйін, жатыр мойнының жиырылу қызметі мен ашылу процестерін, босанған әйел мен ұрықтың жалпы жай-күйінің басқа да көрсеткіштерін көрсететін босануды графикалық сипаттау тәсілі. Партограмманың негізгі компоненттері: жатыр мойнының ашылу динамикасының графикалық бейнесі, босану қызметі, ананың, ұрықтың жағдайының маңызды критерийлерінің графикалық көрінісі – пульс, қан қысымы, дене температурасы, ұрықтың жүрек соғысы.
Негізгі бөлімдері:

  • Паспорттық бөлім

  • Ұрықтың жүрек соғу жиілігін тіркеу аймағы

  • Қағанақ көпіршігінің тұтастығы және қағанақ суының сипаты туралы белгі аймағы

  • Жатыр мойнының ашылу динамикасын тіркеу

  • Жиырылу жиілігі мен қарқындылығын тіркеу

  • Дәрілік препараттарды пайдалану туралы тіркеу

  • Науқастың жағдайын тіркеу аймағы (гемодинамика, температура, зәр шығаруы)

7.Плацентаның жолда орналасуы. Бейімдеуші факторлар. Жіктелуі, клиникасы, диагностика, босандыру.
Плацентаның ұрық жолында орналасуы — плацентаның жатырдың төменгі сегментінде ішкі ернеу аймағында орналасуы болып табылады.
Бейімдеуші факторлар:

  • Қабыну аурулары

  • Анамнезінде акушерлік оперативті араласулар

  • Анамнезінде көп түсік

  • Көп босанушы, асқынған босанулар анамнезінде

  • Жатыр аномалиялары (екі мүйізді. Гипоплазия )

  • Көпұрықты жүктілік

  • Жатыр миомасы, цервикальды канал полиптері

  • Ұрық жұмыртқасының протеолитикалық қасиеті төмендеуі; хорионның даму ақаулары; бүрлер атрофиясы.

Жіктелуі:
1) түріне байланысты:

  • Толық жолда орналасуы (ішкі ернеу толықтай жабылады)

  • Жартылай жолда орналасуы (ішкі ернеуді жартылай жабады немесе шеті тиіп жатады)

  • Төмен орналасуы (ішкі ернеуден 7см және одан төмен орналасуы)

2. босану барысында орналасуы:

  • Орталық орналасуы (ішкі ернеу плацентамен жабылған, қағанақ қабықшалары ернеу деңгейінде анықталмайды)

  • Бүйірлік орналасуы (плац. Бір бөлігі ішкі ернеу аймағында, ал онығ қасында бұдырлы қағанақ қабықшасы орналасады)

  • Шеткі орналасуы (плацентаның төменгі шеті ішкі ернеудің шетінде орн., ернеу аймағында тек қағанақ қабықшалары анықталады)

3. УДЗ бойынша:

  • I дәрежесі — плацента төменгі сегментте орналаскан, оның шеті ішкі ернеуге жетпейді, бірак 3 см-ден аз кашыктыкта орналасады.

  • ІІ дәрежесі — плацентаның төменгі шеті жатыр мойнының ішкі ернеуіне жетеді, бірак оны жаппайды.

  • III дәрежесі — плацентаның төменгі шеті ішкі ернеуді төменгі сегменттің карама-қарсы жағына өте отырып жабады, оның жатырдың алдыңғы және артқы қабырғаларында орналасуы ассимметриялы.

  • IV дәрежесі — плацента өзінің орталық бөлігімен ішкі ернеуді жаба отырып, жатырдың алдыңғы және артқы қабырғаларында симметриялы орналасады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет