Акушерия Сыртқы акушерлік зерттеу. Гравидограмма. Ұрықтың биофизиялық профилі


Мерзiмiне дейiн босандырып алуға көрсеткіштер



бет12/21
Дата28.05.2023
өлшемі76,61 Kb.
#177837
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21
Байланысты:
Акушерия 1-16
Неотложная доврачебная медицинская помощь, ВСРЗ 10 сынып алгебра каз
Мерзiмiне дейiн босандырып алуға көрсеткіштер ( гестация мерзіміне байланыссыз ) :

  • ауыр преэклампсия ;

  • нәресте жағдайының нашарлауы ;

  • -преэклампсия симптомдарыныңөршуі .

37 апта және одан жоғары жүктілік мерзiмiнде ауырлык дәрежесіне қарамастан босандыру көрсетілген
10.Бірінші және екінші жартысындағы жүктілік диагностикасы. Гестация мерзімін және босанғанға дейінгі демалысты беру уақытын анықтау.
Әйел жүктілікке байланысты әйелдер кеңесіне алғаш қабылдауға келгенде, дәрігер жалпы және акушерлік-гинекологиялық анамнезіне, тұқым куалаушылығына, балалык және ересек кезде басынан кешірген соматикалық және гинекологиялық ауруларына, етекккір циклінің және репродуктивті қызметінің ерекшеліктерімен танысады.
Анамнезінен жыныстық жолмен берілетін ауруларын (генитальды герпес, соз, мерез, хламидиоз, уреаплазмоз, микоплазмоз, листериоз, трихомониаз, АИТВ/ЖИТС, В және С гепатиттері) анықтайды, контрацепциялықтәсілдерді қолдануына назар аударады.
Жолдасының жасын, денсаулық жағдайын, оның қан тобын, резус факторын, кәсіби зияндылықгары мен зиянды әдеттерін, отбасының әлеуметтік-экономикалық статусын анықтайды.
Жүкті әйелді біріншілік қарауда дене қалпын бағалайды, бастапқы дене салмағын (шамадан тыс немесе жетіспеушілігі) анықтайды, ол жүктілік кезінде тамақтану бойынша ұсыныс беруде маңызды. Дене салмағын, екі қолынан артериялық қан қысымын өлшейді. Тері қабаттарының, кілегей қабаттарының түсіне назар аударады, жүрек тондарын, өкпесін тындайды, қалқанша безіне, сүт бездеріне, жергілікті лимфа түйіндеріне пальпация жүргізеді; үрпілердің жағдайын бағалайдьг. Акушерлік қарауда жамбастың сырткы өлшемдерін, диагональды конъюгата және бел-сегізкөз ромбысының өлшемдерін аныктайды.
Жүктіліктің екінші жартысында акушерлік қараудың сыртқы тәсілдерін (Леопольд тәсілдері) қолдана отырып, іш көлемі мен жатыр түбі биіктігін, ұрықтың орналасуын, позициясын, келіп тұрған бөлігін, кіші жамбастың кіреберісіне қатынасын анықтайды.
Қынаптық қарау жүргізіп, міндетті түрде жатыр мойны мен қынапты айнамен қарайды, сонымен бірге, аралық пен анус аймағына қарау жүргізеді. Жүктіліктін физиологиялық ағымымен жүктілерде жатыр мойны мен қынаптың өзгерістері болмаса, қынаптық қарауды тек бір рет жүргізеді, кейіннен тек көрсеткіштер бойынша қарайды.
Жүкті әйелді біріншілік қарауда сұрастыру мен объективті қарау мәліметтері негізінде жүктіліктін мерзімі мен босанудың болжам мерзімі есептеледі.

  • Акушер-гинеколог маманының қарауынан кейін, зертханалық тексерулерге жолдама беріледі, сондай-ақ келесі мамандар карауына жіберіледі: терапевт, ол әйелді физиологиялық ағымды жүктілік барысында екі рет қарайды (акушер-гинеколог қарауынан кейін және 30 апталық мерзімде); стоматолог, офтальмолог және оториноларинголог.

  • Физиологиялық ағымдағы жүктілік барысында акушер гинеколог қабылдауына 7 рет келу қажет: 12-аптаға дейін, 16-20 аптада6 24-25 апта, 30-32 апта, 36 апта, 38-40 апта жане переношенная болса 41 аптадан кейін. Әр қабылдауда АҚ бақыланады, жүктіліктің екінші жартысында жатыр түбі биіктігі, іш айналымы, жүкті әйелдің қосқан салмағы өлшенеді. Әйел дене салмағына аптасына 250—300 гр артык коспауы керек. Бір ұрықты жүктілікте жалпы жүктілік барысында қосқан салмағы 10—12 кг, көп ұрықты жүктілікте 20—22 кг құрауы керек.

  • Физиологиялык жүктілік барысында зертханалык тексерулерге кіреді: 3 рет қанның клиникалык талдауы (бірінші қабылдауда, жүктіліктің 20 және 30-аптасында), әр қабылдау сайын зәр талдауы; кынаптан жұғынды 2 рет микроскопиялык тексеру (бірінші қабылдауда және жүктіліктің 30-аптасында), қан тобын, резус-тиістілігін аныктау (жүкті әйелдің каны резус-теріс болса, күйеуінің де кан тобы мен резусын анықтау керек). Вассерман реакциясы мен АИТВ-ға қанды 3 рет (бірінші қабылдауда, жүктіліктің 30-аптасында және босануға 2—3 апта калғанда) тексереді.

  • Бірінші қабылдауда және жүктіліктін 30 аптасында биохимиялық кан талдауымен қоса канттың мөлшерін анықтайды. Дәрігердің бірінші кабылдауында ТОРСН-кешенінің коздырғыштарына және В мен С вирусты гипатиттерінің қоздырғышына (III триместрде В, С гепатитіне тестіні кайталайды) тексеру жүргізіледі.

  • Барлык тексерулердің корытындылары бақылау алмасу картасына енгізіліп,жүкті әйелдің қолына беріледі.

  • Ұрықтың туа пайда болған және тұқым куалайтын ақауын аныктау мақсатында барлық жүкті әйелдерге үш рет УДЗ жүргізіледі (10—14 аптада, 20—24 және 30—32 аптада). Ұрыктың туа пайда болған және тұкым куалайтын ақауына биохимиялык скрининг әйелдің қанынан 10—13 аптасында РАРР-А және бета-ХГ, 16—20 аптасында а-фетопротеин, бета-ХГ аныктайды.

  • Ұрықтың туа пайда болған және тұқым қуалайтын патологиясын анықтаудан басқа, УДЗ кезінде плацентаның орналасуы мен жағдайын, ұрықтың өсу көрсеткіштерін және қағанақ суының көлемін, жатыр мойнының жағдайын аныктайды. Жүктіліктін сонында ұрыктын орналасуын және оның болжам салмағын аныктау максатында УДЗ жүргізіледі. УДЗ жүргізудің саны ана мен ұрық жағдайымен анықталады.

  • Ана-плацента-ұрық жүйесінің канайналымының доплерометриясын плацентарлыкжетіспеушілікті болжау және анықтау мақсатында жүктіліктің I триместрінін соңынан бастап жүргізеді.

  • Жүктіліктің 20-аптасынан кейін әр қабылдауда ұрықтың жүрек соғысы тыңдалады, клиникалық және зертханалык тексерулердің қорытындылары тіркеледі.

  • Жүктіліктің 32-аптасынан ұрыктың жүрек кызметін зерттеу кардиотокография көмегімен жүргізіледі.

Декрет. Біздің елімізде жүкті әйелдерге көптеген жеңілдіктер карастырылған. Жүктілік анықталганнан кейін әйелдер түнгі уакыттағы және колайсыз жұмысқа жіберілмейді. Жүктіліктің 4-айынан бастап жүктеме жүмысқа катысуға рұқсат берілмейді. Жеңілдетілген жүмысқа ауыстырған жағдайда соңғы 6 ай бойы алған жалақысы көлемінен есептелген еңбекақысы сақталады.
Аталған жеңілдіктер жүктілік барысына және ұрыктың дамуына оңтайлы әсер етеді. Осы жеңілдіктерді толық колдану жүктіліктің мерзімін уақытында және дұрыс анықтауға байланысты.
Еңбекке жарамсыздык қағазы жүктіліктің 30-аптасынан бастап 140 күнге беріледі. Көпұрықты жүктілікте 28-аптадан бастап 180 күнге беріледі. Асқынған жүктілікте және басқа қаладан келген жүктілерге жарамсыздык қағазын емдеу-профилактикалық мекемесі 16 күнтізбелік күн қоса береді. Мүндай жағдайда босануға дейінгі және босанудан кейінгі демалыс ұзақтығы 156 күнді қүрайды.
30-аптаға дейінгі болған босануда және тірі нәресте туылғанда босану болған мекемемен 156 күнге еңбекке жарамсыздык парағы беріледі, ал өлі нәресте туылса немесе босанғаннан кейін 7 тәулік ішінде нәресте қайтыс болса еңбекке жарамсыздық парағы 86 күнге беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет