Ұрықтың биофизикалық профилі – накты уақыт режимінде жұмыс істейтін ультрадыбыстық құралдар ұрықтың анатомиялық ерекшеліктерін бағалауға, сондай-ақ оның функционалдық жағдайы туралы жеткілікті толык мәліметті алуға мұмкіндік береді. Ұрыктың биофизикалык профилін анықтауды (ҰБФП) қазіргі уақытта ұрықтың кұрсақішілік жағдайын бағалау үшін қолданады. ҰБФП ұғымына стресстік емес тест мәліметтерін және нағыз уақыт жағдайында ультрадыбыстык сканирлеу кезінде анықталатын көрсеткіштерді енгізеді:
Жедел гипоксия маркерлері: ұрықтың тыныс алу қозғалысы; қозғалыс белсенділігі; бұлшықет тонусы
Әр көрсеткіш ең көбі 2 баллмен бағаланады, яғни максималды балл саны – 10. Ұрықтың жағдайы шкала бойынша бағаланады:
10-8 балл – ұрықтың жағдайы қалыпты
7-6 балл – ұрықтың жағдайы қиындаған, бұл созылмалы гипоксияны көрсетуі мүмкін. Бұл жағдайда тексеру 24 сағаттан кейін қайта жүргізіледі
5-4 балл – ұрықтың айқын құрсақішілік гипоксиясы және перинаталды асқынулардың даму қаупі жоғары.
2. Босанғаннан кейінгі физиологиялық кезең. Анықтамасы. Босанған әйелдің жыныс мүшелеріне тән өзгерістер.Сүт безі функциясы. Әйелдің уызы мен сүтінің құрамы. Босанғаннан кейінгі немесе пуэрперальді кезең – босанудын үшінші кезеңінің соңынан бастап 6—8 аптаға созылатын кезен. Босанудан кейінгі кезенде жүктілік және босану кезендерінде өзгерістерге ұшыраған мүшелер мен жүйелердің инволюциясы дамиды. Тек сүт бездерінің және гормональді жүйенің кызметі арта бастайды және әсері бір жылға немесе одан да көп уақытқа созылуы мүмкін.
Босанудан кейінгі кезендегі өзгерістер негізінен ОЖЖ мен гормональды жүйедегі өзгерістерге байланысты.
Жүктілік кезіне тән жүктілік доминантасының орнына ананың ОЖЖ-де аналық инстинкке тән сезімдер пайда болады. Бас ми қыртысында қозу басым болады, ол психиканын лабильділігімен қосарланады.
Босанғаннан кейінгі кезенде негізінен эндокринді жүйеде өзгерістер болады: плацентарлы гормон деңгейі күрт төмендейді, гипоталамо-гипофизарлы жүйе қызметі
қалыптасады. Лактацияның басталуы үшін эстроген, прогестерон, пролактин, кейіннен — пролактин мен окситоциннің маңызы зор. Емізуді тоқтатқаннан кейін немесе пролактин экспрессиясы тоқгағаннан кейін гипоталамо-гипофизарлы-аналык без жүйесінің және басқа ішкі секреция бездерінің: қалқанша безі, бүйрек үсті безінің қызметі калпына келеді.