Акушерия Сыртқы акушерлік зерттеу. Гравидограмма. Ұрықтың биофизиялық профилі



бет4/21
Дата28.05.2023
өлшемі76,61 Kb.
#177837
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Акушерия 1-16
Неотложная доврачебная медицинская помощь, ВСРЗ 10 сынып алгебра каз
Сүт безін лактациға дайындау жүктілік кезінде эстрогендер, прогестерон, пролактин, хориондык гонодотропин әсерінен жүзеге асырылады, ол безді бөліктердің гиперплазиясына, өзектердің және альвеол дамуына әкеледі. Сүт безінде қан айналымы күшейеді. Босанғаннан кейін сүт безінің альвеолярлы жасушалары пролактиннін әсерімен алдымен уыз, содан кейін сүт өндіреді. Босанудан кейінгі алгашқы 2—3-тәулік бойы лактогенез — емшек сүтінін секрецияеы басталады. Емшек сүтінің өзектер бойымен бөлінуі біріншіден гипофиздің артқы бөлігімен бөлінетін окситоцин көмегімен, екіншіден емшекті емудін рефлекторлы әсерінен жүзеге асады. Сүт безі неғұрлым жақсы босайтын болса, соғұрлым лактагенез карқындырак болады.
Сүт безінін кызметі жаксы калыптасу үшін босанғаннан кейінгі немесе эпидуралды анестезиямен жүргізілген кесар тілігінен кейінгі алғашқы 30 минутта нәрестені емшекке салудың маңызы зор.
2—3 күн бойы сүт безінің секреті уыз болып табылады. Уыз — емшек ұшын кысқан кезде пайда болатын, кою сұйықтык. Құрамына уыз денешіктері (үлкен, бозғылт ядросы бар, дұрыс емес пішінді жасушалар), сүт дөңгелектері мен лейкоциттер кіреді. Лейкоциттер арасында сегмент ядролылар және лимфоциттер кездеседі. Лимфоциттердің нәрестелер иммунитетін калыптастыруда маңызы зор. Уыз кұрамында көп нәруыздар, май және кажетті май кышқылдары, фосфолипидтер, холестерин, дәрумендер, гормондар, минералды заттар бар және олардың нәресте организмін қуатпен камтамасыз ету үшін құндылығы жоғары болып табылады.
Емшек сүті бір жаска дейінгі баланың ең тиімді тамағы болып табылады. Емшек сүті асказан-ішек жолында жақсы сіңіріліп, нәрестені тек қана корекпен қамтамасыз етіп коймай, асказан-ішек жолы мен тыныс жолдарының инфекцияларынан иммундык корғаныш болып табылады.
Лактацияның алғашкы күндері сүтте кейінгі күндермен салыстырғанда, нәруыз және тұз көп болады. Емшек сүтінде уызға қарағанда, нәресте үшін кажет көмірсу — лактозаның мөлшері көп.
3.Ана мен жаңа туған нәрестенің акушериядағы жарақаты. Қауіп факторлары. Жиі кездесетін босану жарақаттары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет