Акушерия Сыртқы акушерлік зерттеу. Гравидограмма. Ұрықтың биофизиялық профилі



бет14/21
Дата28.05.2023
өлшемі76,61 Kb.
#177837
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21
Байланысты:
Акушерия 1-16

Диагностикасы:
Фетоплацентарлы жеткіліксіздігі бар жүкті әйелдің шағымдары іштің ауыруы, жатырдың тонусының жоғарылауы, жыныс жолдарынан бөлінділер, ұрықтың қозғалыстарының белсенділігі немесе тежелуі, қанды бқлінділер болуы мүмкін.

  • Физикалық зерттеу. Акушер-гинеколог іштің айналымын өлшейді, жатыр түбінің биіктігін, жүкті әйелдің салмағын өлшейді, бұл ұрықтың дамуының тежелуін, көп немесе аз сулықты болжайды. Гинекологиялық тексеру секрециялардың сипатын бағалауға, қабыну белгілерін анықтауға, бактериологиялық және микроскопиялық зерттеу үшін материал алуға мүмкіндік береді.

  • Ұрықтың УДЗ. Фетоплацентарлы жеткіліксіздікті диагностикалаудағы ультрадыбыстың мәні фетометриялық көрсеткіштерді (ұрықтың басы, денесі, аяқ-қолдары) анықтау және оларды гестацияның осы кезеңі үшін қалыпты көрсеткіштерімен салыстыру мүмкіндігінен тұрады. Сонымен қатар, плацентаның қалыңдығын өлшеу және оның жетілу дәрежесін анықтау жүзеге асырылады. Жатыр-ұрық қанайналымынығ доплерографиясы кезінде кіндік, жатыр және плацентаның ұрық бөлігіндегі тамырлары бағаланады.

  • Функционалдық зерттеулер. Ұрықтың фонокардиографиясы мен КТГ көмегімен ұрықтың жүрек қызметінің сипаты анықталады-жүрек соғу жиілігі мен ырғағы. Гипоксияның белгілері тахикардия, брадикардия, аритмия болуы мүмкін.

Жүктілікті жүргізу:
Фетоплацентарлы жеткіліксіздіктің компенсацияланған түрін емдеуді терапияның оң динамикасы және жүктіліктің дамуына қауіп болмаған жағдайда амбулаториялық негізде жүргізуге болады. Басқа жағдайларда қарқынды терапиялық іс-шараларды жүргізе отырып, дереу ауруханаға жатқызу көрсетілген.
Тағайындалатын препарттар:

  • Бета миметиктер (көктамырға, пероральды)

  • Дезагреганттар (курантил, трентал), антикоагулянттар(фраксипарин)

  • Антиоксиданттар (токоферол)

  • Мембраностабилизаторлар

  • Плацентарлық жетіспеушілікті емдеу фетоплацентарлық кешендегі қан айналыстың допплерометриясы және ұрық фетометриясы бақылауымен жүзеге асады. Егер өзгерген қан айналыс қалпына келіп, ұрықтың өсу темпі қалыптасса, онда плацентарлық жетіспеушіліктің емі 37—38-аптаға дейін жалғасады, одан кейін босандырады.

  • Емнен нәтиже болмаса (жатырлық-плацентарлық қан айналыстың үдемелі нашарлауы, ұрық өсуінің болмауы) мерзімінен бұрын, жиі кесар тілігі жолымен, босандыру мәселесін шешеді. Көрсеткіштер: ұрық гипоксиясы, дамуының кідірісі ІІІ дәрежелі, жамбаспен келуі, асқынған акушерлік анамнез.

  • Компенсацияланған формасында табиғи босандыру жүргізуге болады, бірақ ұрық жағдайы мен босану қызметін мұқият қадағалау қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет