Акушерия Сыртқы акушерлік зерттеу. Гравидограмма. Ұрықтың биофизиялық профилі


Жүктілік белгілері және жүктілік мерзімін анықтау әдістері



бет16/21
Дата28.05.2023
өлшемі76,61 Kb.
#177837
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Акушерия 1-16
Неотложная доврачебная медицинская помощь, ВСРЗ 10 сынып алгебра каз
13.Жүктілік белгілері және жүктілік мерзімін анықтау әдістері.
Субъективті немесе объективті мәліметтерге негізделген жүктілік белгілері күмәнді, мүмкін және айқын белгілер деп бөлінеді.
Жүктіліктің күмәнді (болжам) белгілеріне субъективті мәліметтер жатады:

    • жүрек айну, құсу, әсіресе таңертеңгілік мерзімде тәбетінің өзгеруі, сондай-ак белгілі бір тамакка әуестігінің пайда болуы;

    • кейбір иістерді көтере алмаушылык (иіс сулар, шылым иістері және т.б.);

    • жүйке жүйесі кызметінің бұзылыстары: шаршағыштык, тітіркенгіштік, ұйкышылдық, көңіл күйінің тұрақсыздығы, бас айналуы және т.б.

    • зәр шығарудьщ жиілеуі;

    • сүт бездерінің кернеуі;

    • бет терісінің, іштің ақ сызығы бойының, сүт бездерінің емізікшесі айналасының пигментациясы;

    • сүт бездері, сан, іштің терісінде жүктілік жолақтарының (тыртықгар) пайда болуы;

    • іш көлемінін өсуі.

Жүктіліктің мүмкін белгілері негізінен, жүктіліктің I триместрінен бастап, жыныс мүшелерінің объективті өзгерістерімен анықталады:
• дені сау, репродуктивті жастағы әйелде етеккірінің тоқтауы (аменорея);
• босанбаған әйелдің сүт безінін үрпісін баскан кезде уыздың пайда болуы;
• кынаптын және жатыр мойны кілегей кабатының цианозы;
• жатыр көлемінің, оның пішіні мен консистенциясының үлкеюі.
Қынаптың, жатыр мойны кілегей кабатының цианозын, жатырдың көлемінің, пішінінің, консистенциясының өзгерістерін арнайы гинекологиялық зерттеу кезінде аныктауға болады: сырткы жыныс мүшелерін және кынап кіреберісін карау, кынап кабырғалары мен жатыр мойнын айнамен карау, сондай-ак екі колмен кынаптык- абдоминальды қарау жүргізу арқылы тексереді.
Жүктіліктің айқын немесе кумәнсіз белгілері жатыр куысында эмбрион/ ұрықтың болуын дәлелдейді.
Жүктілікті анықтау үшін УДЗ аркьілы нақты мәліметтер алуға болады. Трансабдоминальды сканирлеуде жүктілікті 4—5 аптадан, трансвагинальды эхографияда одан 1—1,5 апта ертерек анықтауға болады. Жүктіліктің ерте мерзімінде жатыр қуысында ұрық жұмыртқасын, сарыуыз капшығын, эмбрионды және оның жүрек соғысын, кеш мерзімде — ұрықты, көп ұрықгы жүктілікте бірнеше ұрықты анықтауға болады. Ұрықтың жүрек соғысын жүктіліктің 5 -6 аптасынан, қозғалыс белсенділігін 7—8 аптадан көруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет