Акушерия Сыртқы акушерлік зерттеу. Гравидограмма. Ұрықтың биофизиялық профилі



бет10/21
Дата28.05.2023
өлшемі76,61 Kb.
#177837
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21
Байланысты:
Акушерия 1-16
Неотложная доврачебная медицинская помощь, ВСРЗ 10 сынып алгебра каз
Клиникасы:

  • Жыныс жолдарынан қан кету алқызыл түсті: жиі 30аптасынан кейін, сыртқы себептерсіз, түнгі уақытта басталады; босану қарсаңында күшейеді

  • Ұрықтың келіп тұрған бөлігінің жоғары орналасуы

Диагностикасы: Зертханалық зерттеулер:

  • қанның жалпы талдауы (гематокрит, тромбоциттер, қанның ұюы); коагулограмма;

  • қан тобын және резус-факторды анықтау.

Аспаптық зерттеулер:

  • УДЗ: Трансабдоминальді немесе трансвагинальді; жатыр плаценталық кешеннің УДЗ

  • плацентаның доплерографиясы;

  • МРТ: плацентаның инвазия дәрежесін диагностикалау және нақтылау үшін.

Босандыру:

  • Ауыр қан кету кезінде, кез-келген жүктілік кезеңінде кесарь тілігімен босану көрсетілген. Босандыру алдында келесі мәселелерді талқылау үшін кеңес беру керек: лапаротомия түрі, жатырдағы кесу, массивті қан кету кезіндегі тактика

Операциялық үстелде плацентаның ұрық жолында орналасууына күдік / растау болған кезде, құрсақ кесілгенге дейін жатыр артерияларының катетеризациясы, ал ұрықты шығарғаннан кейін олардың эмболизациясы жүзеге асырылады, бұл қан жоғалту көлемін едәуір азайтады.

  • Плацентаның толық емес, шекті орналасуы кезінде табиғи жолмен босандыруға болады; Босану кезінде ерте амниотомия, ұрықтың үздіксіз электронды мониторингі көрсетілген.

8.Акушерлік таз. Әйел жамбасының құрылым ерекшеліктері, үлкен жамбас сыртқы өлшемдері, кіші жамбас жазықтықтары.
Жамбас сүйегі босану жолынын негізін күрай отырып, босану кезінде ұрықгың өтуі үшін маңызы зор.
Ересек әйелдің жамбасы төрт сүйектен тұрады: екі жамбас, сегізкөз және құйымшак.
Жамбас сүйегі — шеміршекпен байланыскан үш сүйектен кұралады: мықын, қасаға және шонданай.

  • Мықын суйегі (оу іііит) — денесінен және қанатынан тұрады. Денесі (сүйектін қысқа қалыңдаған бөлігі) ұршық ойысын кұрауға катысады. Қанаты ішкі беті иілген және сыртқы беті томпайған кең пластинка болып табылады. Қанаттың қалындаған бос жиегі мықын сүйегінін қырқасын түзеді. Алдынан қырқа алдыңғы- жоғарғы мықын төмпегінен басталады , одан төмен алдыңғы-төменгі мықын төмпегі орналасады.

  • Шонданай суйегі — ұршык ойысын түзуге қатысатын денесінен және жоғарғы және төменгі тармақтарынан тұрады. Жоғарғы тармағы денеден төмен қарай түсіп, шонданай бұдырымен аяқталады. Төменгі тармағыалға және жоғары көтеріліп, шат сүйегінін төменгі тармағымен қосылады. Оның артқы бетінде дөңес жер — шонданай төмпегі бар.

  • Шат суйегі — жамбастың алдыңғы қабырғасын құрайды және денесінен, жоғаргы (горизонтальды) және төменгі (құлдилаушы) тармақтардан тұрады, олар алдынан бір-бірімен қозғалысы аз шат буындасуы — симфиз арқылы қосылады. Шат сүйектерінің төменгі тармақтары шат доғасын құрайды.

Сегізкөз — өзара тұтасқан бес омыртқадан тұрады, олардың көлемі жоғарыдан төменге қарай кішірейеді, осыған байланысты сегізкөз пішіні кесілген конусқа ұқсайды. Сегізкөз негізі (оның кеңейген бөлігі) жоғары, мүйісі (тар бөлігі) төмен қарайды. Сегізкөздің алдыңғы шығыңқы беті сегізкөз ойысын құрайды.
Құйымшактөменге қарай тарылған, тұтасып біріккен 4—5 рудиментарлы омыртқадан тұратын кішкене сүйек болып табылады.
Барлық жамбас сүйектері симфизбен, сегізкөз-мықын және сегізкөз-кұйымшақ буындасуларымен біріккен, буындарда шеміршектік кабаттар орналасады.
Жамбастың екі бөлімін ажыратады: үлкен және кіші. Үлкен жамбас қуысының ұрықтың өтуінде айтарлықтай маңызы болмағанмен, оның өлшемдері бойынша босану каналының сүйектік негізін құрайтын кіші жамбас куысының пішіні және көлемі туралы пікір айтуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет