Алеуметтик педагогика indd



Pdf көрінісі
бет89/103
Дата26.03.2024
өлшемі3,85 Mb.
#200307
түріОқулық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   103
Байланысты:
Atemova-Aleumettik-ped

жалпы, жеке
және 
арнайы 
әлеуметтік педагогикалық технология-
ларды бөліп көрсетуге болады.
Жалпы
әлеуметтік педагогикалық технологиялар маманның 
баламен өзара ықпал ету заңдылықтарын және осы әрекеттің 
компоненттерін сақтауды жүзеге асырады. Жалпы әлеуметтік 
педагогикалық технологиялар жүйесі өзінің құрамында диагности-
калауды, профилактикалауды, адаптациялау, реабилитациялауды, 
коррекциялауды, әлеуметтік терапияны, әлеуметтік экспертиза-
ны, прогностикалауды, делдалдықты, кеңес берушілікті және т.б. 
қамтиды. 
Жеке
әлеуметтік педагогикалық технологиялар өзінің негізіне 
әлеуметтік қолдауға мұқтаж болған нақтылы адамдар категория-
сы мен әлеуметтік сатыға көмек көрсету бойынша технологиялық 
процедураларды ендіреді. Жеке технологиялар тобын мына 
технологиялық процедуралар құрайды: девиантты мінез-құлықты 
балалармен әлеуметтік педагогикалық жұмыс және мүгедек бала-
лармен жұмыс және т.б.
Арнайы әлеуметтік педагогикалық технологиялар маман-
дандырылған мекемелер мен орталықтардағы әлеуметтік процестерді 
оптималдандыруға арналады. Арнайы технологиялардың қатарына 


241
техникалық құрылғыларды пайдалану (мысалы, мүгедек балалар 
үшін кабельді теледидарды пайдалану), ақпараттық жүйелерді пай-
далану (құжаттарды сақтауды қамтамасыз ету үшін компьютерді 
пайдалану және оны әлеуметтік педагогикалық қызметті жүйелеуде 
пайдалану) және т.б.
Әлеуметтік педагогикалық технологиялардың түрлері мен форма-
ларын индивидтің күн көрісіне бағытталған (шұғыл көмек көрсету, 
жедел әлеуметтік көмек көрсету, өмірі мен тәрбиесіне қауіп төніп 
тұрған немесе ата-аналар қамқорлығынан тыс қалған балаларды 
отбасынан тездетіп алып кету және т.б.) 
шұғыл технология
және
баланың өмір сүру жағдайының қалыптылығын қолдауға, күтілетін 
негативті ауытқулардың алдын алуға бағытталған 
үздіксіз
немесе 
тұрақты технология деп бөлуге болады.
Нақтылы әлеуметтік педагогикалық технологиялар өзінің 
құрылымында мынадай компоненттерді қамтиды: біріншіден, 
әрекеттің мақсатын айқындау; екіншіден, оның мазмұнын іріктеу 
және орналастыру; үшіншіден, әрекетті ұйымдастырудың негізгі 
тәсілдерін таңдау; төртіншіден, әрекеттің әдістері мен құралдарын 
іріктеу; бесіншіден, мәселені шешу үшін көмегі қажет болатын 
мамандар мен мекемелерді анықтау; алтыншыдан, орындалған іс- 
әрекеттің дұрыстығын бақылайтын әдістерді анықтау және қол жет-
кен нәтижелерге баға беру.
Әлеуметтік педагогикалық қызмет барысында қолданылатын 
кейбір жекелеген технологиялар мен технологиялық процестерді 
практикада пайдалануда әлеуметтік педагог көптеген шаралардың 
кешенін қолдана алады. Мұндай шаралардың кешені технологиялан-
дырылу деп айтылады. Әлеуметтік педагогикалық әрекеттерді тех-
нологияландыру процесі мен оның түрлері жекелеген бірыңғай типті 
процедуралар мен операциялар түрлерін, әрекеттер мен нәтижелерін 
өз араларында рационалды бөлуге мүмкіндік береді. Мысалы, 
тәрбиеленушінің күрделі де көп деңгейлі мәселесі әрқайсысы 
дәстүрлі әдістермен шешілетін бірнеше қарапайым мәселелерге 
бөлініп қарастырылуы мүмкін.
Әлеуметтік педагогикалық әрекетті технологияландыру процесі 
мынадай бірнеше кезеңдерде іске асырылады:
1. Теориялық кезең – мақсатты технологиялық әрекеттің ны-
санын негіздеу, құрамдас компоненттерге бөліп қарастыру және 
олардың арасындағы өзара байланысты көрсету. 
2. Әдістемелік кезең – бұл кезең іс-әрекеттің әдіс-тәсілдері мен 


242
құралдарын таңдаумен, ақпараттарды жинақтау және өңдеумен, 
оған талдау жасаумен, жеке практикалық қызметті жобалау мен жос-
парлаудан; аланған нәтижелердің мазмұндық интерпретациялауға 
мүмкіндік беретін диагностикалау жүйелерін іріктеумен, нәтижелерді
трансформациялау принциптерін таңдаумен және іс-әрекетті жүзеге 
асыру процесінде кездесуі мүмкін болған қиыншылықтардың алдын 
алу жүйелерін жасаумен байланысты айқындалады. 
3. Процедуралық кезең – бұл кезеңде нақтылы әлеуметтік – 
педагогикалық әрекет жүзеге асырылады.
Кез-келген әлеуметтік-педагогикалық құбылыстың тиімділігін 
арттыруды технологияландырудың негізгі шартының бірі - қызмет 
нысанының айқын болуы, оның сипатының бірмәнділігі, қызметті 
жүзеге асырудың шарттарының нақты берілуі болып табылады. 
Тұтас алғанда, технологияландырылған құбылыстың бастапқы 
элементтері қаншалықты тұрақты және біржақты болған сайын 
оның өзгеруі бойынша технологиялық тізбекті жасау оңай болады.
Әлеуметтік педагогикалық әрекеттегі технологияландырудың 
элементтері бағдарлық функцияны атқаруы тиіс, яғни олар әлеуметтік 
педагогқа проблема мен жағдаятты дәл сипаттауға; клиентке дұрыс 
бағытта көмектесудің жалпы логикасн оперативті құрастыруға, 
біркелкі жағдаяттар үшін біртипті әдістер мен әдістемелер спектрін
дер кезінде пайдалануға; нақтылы бір жағдайлар үшін анағұрлым 
тиімді әрекеттер мен процедуралар туралы ескертіп отыруға көмегін 
тигізуі қажет. 
«Құрал» – анағұрлым кең мағыналы түсінік. Құрал – әлеуметтік 
педагогтың алдына қойған мақсатына жетуде қолданатын 
материалдық, эмоционалдық және интелектуалдық шарттарының 
жиынтығы болып табылады. Құралдар өзінен-өзі, өзінің мәні 
жағынан-ақ әрекеттің тәсілдеріне айналады, әрине, егер ол жоғары 
нәтиже берсе. Мысалы, олар – ойын, демалу, көңіл көтеру және т.б. 
болуы мүмкін. Сонымен қатар, ол белгілі бір әрекет дағдыларын 
қалыптастырудың немесе қызығушылық, ынта, т.б. қасиеттерді 
қалыптастырудың құралы болып табылады.
Жоғарыда айтылған ұғымдардың арасындағы айырмашылықтарды 
салыстыра отырып, дәл шекарасын ажыратып, көрсетіп беру өте 
қиын. Кейбір жағдайда әдіс белгілі бір міндетті шешудің өзіндік 
жолын көрсетіп беретін әдіс қызметін атқарады, ал кейде ол тәсіл 
ретінде болады. Бұл үш ұғым арасындағы байланысты төмендегі
схемадан көруге болады.


243


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет