Алеуметтик педагогика indd



Pdf көрінісі
бет85/103
Дата26.03.2024
өлшемі3,85 Mb.
#200307
түріОқулық
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   103
Байланысты:
Atemova-Aleumettik-ped

медициналық-биологиялық
келіс болып табы-
лады. Оның мәні әлеуметтік қалыптан ауытқу мүмкіндіктерінің ал-
дын алудан тұрады. Онда әртүрлі психикалық паталогиямен ауы-
ратын адамдарға мақсатты бағытталған профилактикалық-емдеу 
шаралары өткізіледі. Егер адамның психикасында патологиялық 


231
бұзылушылық орын алған жағдайда ол өз әрекетіне немесе қоғам-
дық мінез-құлық нормалары мен талаптарын бұзғандығына есеп 
бере алмайды. Бұл күй адамның өзгермелілігін анықтайтын құбылыс 
ретінде танылады. Сондықтан жеткіншек жастағы баланың бойы-
нан байқалған әрекеттері арқылы оның өкінішке апарып соқтыратын 
әрекетке баруының алдын алу және алдын ала айқындау маңызды. 
Әлеуметтік-педагогикалық
келіс. Ол девиантты мінез-құлықты 
баланың тұлғалық қасиеттерін, әсіресе, тұлғаның адамгершіліктік 
және еріктік қасиеттерін коррекциялау және қайта қалпына 
келтірумен байланысты сипатталады. 
Жеткіншекте ұнамды еріктік сапаларды қалыптастыруды ерік 
туралы дұрыс көзқарасты қалыптастырудан бастаған жөн. Бұл про-
цесс бірнеше кезеңдерде жүзеге асырылады.
Бірінші кезең
– жекелеген еріктік сапалардың мәнін ашу, олардың 
мысалдарын көрнекілік тұрғысында дұрыс жеткізу;
Екінші кезең
– жеткіншектердің еріктік сапалары туралы 
көзқарастарын қорыту, батырлық пен тәкаппарлық, бірбеткейлік 
пен қырсықтық, өз бетінше еңбектенуге қабілеттілік пен өзгелер 
пікіріне деген құрметтің төмендігі түсініктері арасындағы 
айырмашылықтарды айқындау. Бұл кезеңдегі тәрбиешілердің ең 
бірінші кезектегі міндеті жеткіншектердің ерік туралы мифологиялық 
көзқарастарын өзгерту болып табылады. Бұл жеткіншектерді 
қайта тәрбиелеудің бастамасына қол жеткізуге мүмкіндік береді. 
Жеткіншектердің өзіне және өз ісіне сын көзбен қарап, баға беру 
дағдыларын қалыптастыру қажет.
Үшінші кезең
– жоспарлы түрде өз кемшілігін іздеу, оны түзетудің 
жолдарын қарастыру және өзін-өзі тәрбиелеу кезеңі. Бұл кезеңде 
әлеуметтік педагог жеткіншектің қалыптасуында өзіне дұрыс баға 
бере білуіне, жеке кемшіліктеріне төзбеу сезімін оятуға көмектесуі 
тиіс.
Төртінші кезең
– өзін-өзі тәрбиелеудің саналы түрдегі жүру 
процесі, өзін-өзі дәлелдеу мен өзін-өзі дамытуға деген қажеттілігін 
іске асыру кезеңі. 
Бұл кезеңдердің бірізді жүруі жеткіншектің өз құқығын сыйлай-
тын азамат ретіндегі әлеуметтік-қолдаушылық рөлін қалыптастыруға 
мүмкіндік береді. Осы тұста ғалым М. А. Галагузова қытайдың 
мынадай: «Шешуі жоқ жағдай болмайды, тек дұрыс шешім 
қабылданбаған жағдай болады» деген аталы сөзін келтіре отырып, 


232
тәрбиеде де түзелмейтін бала болмайтынын, барлық балаларды 
тәрбиелеу мүмкін екендігін тұжырымдайды.
Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс жүргізудің келесі 
түрі – қоғамдағы қалыпты мінез-құлыққа бейімделмеген балалар-
ды 
әлеуметтік-педагогикалық реабилитациялау.
Реабилитация-
ны кең ауқымды міндеттерді шешуге бағытталған, бала бойында 
қарапайым дағдыларды қалыптастырудан адамды қоғаммен толық 
интеграциялауға дейінгі шаралардың жүйесі ретінде қарастыруға 
болады. Сонымен қатар, реабилитацияны тұлғаға жекелеген 
психикалық және дене қызметтерінің ықпал ету нәтижесі ретінде 
де қарастыруға болады. Реабилитация түсінігінің адам организмінің 
белгілі бір ортаға үйренісуімен түсіндірілетін адаптация (бейімделу) 
ұғымынан айырмашылығы – оның қайта қалпына келтіру, белсенді 
ету мағынасындағы түсініктерімен баламалы қабылдануында. 
Реабилитациялық процесте қалыптасқан кедергіні жеңу мақсат 
етілсе, адаптация процесінде қалыптасқан құбылысқа үйренісу, 
бейімделу көзделеді. 
Бұдан шығатын қорытынды, реабилитация дегеніміз – бала-
ны қоғамдағы белсенді өмірге және қоғамдық пайдалы еңбекке 
қайтаруды мақсат еткен шаралардың жүйесі деуге болады. 
Реабилитацияның бірнеше түрлері анықталған. Олар: медициналық, 
психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік-экономикалық, кәсіби 
және тұрмыстық.
Медициналық реабилитация бала организмінің бұзылған функ-
циясын толық немесе ішінара қайта қалпына келтіруге бағытталады. 
Психологиялық реабилитация девиантты мінез-құлықты 
жеткіншектің өзін тұлға ретінде ешкімге керексіз сезіну санасын
психологиялық тұрғыдан жеңуге бағытталады.
Кәсіби реабилитация жеткіншекті өзінің қолынан келетін еңбек 
формасына, қысқартылған жұмыс күні мен жеңілдетілген еңбек 
жағдайы жасалған жұмыс орнын іздестіруге оқыту немесе қайта 
оқытуды қарастырады.
Тұрмыстық реабилитация жеткіншектің қалыпты өмір сүру 
жағдайына қол жеткізуін қарастырады.
Әлеуметтік реабилитация – әлеуметтік ортада баланың өмірлік 
тіршілік ету қабілеттерін қайта қалпына келтіру процесі. Сонымен 
қатар, қандай да бір себептерге байланысты бұзылған немесе шек-
телген баланың өмір сүретін ортасының өзі мен жағдайын қайта 
қалпына келтіру процесі.


233
Әлеуметтік-экономикалық реабилитация баланы заңды түрде 
қорғау мен оған тиісті қаржылық төлемдерді қамтамасыз етуді 
мақсат еткен шаралар кешені деп түсіндіріледі.
Әлеуметтік-педагогикалық реабилитация баланың белсенді 
өмірлік позициясында, өмірлік әрекетінде үлкен маңызға ие бола-
тын тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік 
сипаттағы шаралардың жүйесі. Бұл шаралар баланы қоғамға ену-
ге, өзіне-өзі қызмет етуде қажетті біліктер мен дағдыларды және 
ұнамды әлеуметтік рөлдерді игеруге, қоғамдағы мінез-құлық 
ережелерін меңгеруге, қажетті білім алуға мүмкіндік туғызады.
Девиантты мінез-құлықты жеткіншектерді өмірге қайта бейімдеу 
реабилитациялық орталықтар деп аталатын мамандандырылған 
мекемелерде жүзеге асырылады. Мұндай мекемелердің негізгі 
міндеттері мыналар болып табылады:
– балалар мен жеткіншектердің қараусыз қалуының, қаңғыбас 
және әлеуметтік ортаға бейімделмеген болуының алдын алу;
– ата-аналарының кесірінен немесе экстремалдық жағдайлардың 
салдарынан қиын өмірлік жағдайларға тап болған (дене жағынан және 
психикалық тұрғыдан қысым көрген, қауіпті жағдайда өмір сүретін-
дер ж.т.б) балаларға медициналық-психологиялық көмек көрсету;
– қоршаған адамдармен өзара қарым-қатынас жасау дағдысы 
мен жағымды мінез-құлықтың әлеуметтік тәжірибелерін қалып-
тастыру;
– ата-аналарының қамқорлығынсыз қалғандар мен өмір сүру 
жағдайы жоқ балаларға қамқорлық көрсету қызметін орындау;
– тұлғаны дағдарыстық жағдайынан шығаруға мүмкіндік беретін 
психологиялық және педагогикалық қолдау көрсету;
– отбасына қайта оралу үшін ықпал ету
– білім алуға, қалыпты дамуға мүмкіндікті қамтамасыз ету;
– алдағы уақытта тұрмыстық және кәсіби орналасуға қамқорлық 
жасап тұру.
Бір сөзбен айтқанда, мұндай мекемелердің негізгі мақсаты көмекке 
мұқтаж балаларға әлеуметтік көмек пен қолдау көрсету болып табыла-
ды. Мұндай мекемелердегі әлеуметтік-педагогикалық реабилитация 
үш негізгі кезеңде: диагностикалау, реабилитациялық бағдарламаны
жасау мен іске асыру, реабилитациялық жұмыстан кейінгі баланы 
қорғау кезеңдерінен тұрады.
Диагностика
кәмелетке толмаған баланың эмоционалдық-
танымдық, тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуын, әлеуметтік рөл-


234
дерінің, кәсіби қызығушылығының даму деңгейлерін анықтауға 
бағытталған әлеуметтік-педагогикалық зерттеуді көздейді.
Реабилитациялық бағдарлама
әрбір бала үшін жеке жасалады, 
ол құрамында: мақсаты, міндеттері, әдістері, формалары, құралдары 
мен қызметтің кезеңдері секілді негізгі элементтерді қамтиды. 
Реабилитациялық бағдарламаның негізгі мақсаты баланың қоғамдағы 
коммуникативтік дағдыларын жинақтауына көмектесу және 
адамгершіліктік құндылықтарын коррекциялау мен қалыптастыру 
болып табылады.
Реабилитациялаудан кейінгі қорғаушылық
баланың реабили-
тациялық орталықтан шыққаннан кейін туындаған кикілжіңдерді 
коррекциялау мен жүйелі бақылауға алу арқылы отбасымен, доста- 
рымен және мектеп ұжымымен үйлесімді қарым-қатынасын қайта 
қалпына келтіруге көмектесуді көздейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет