Алгоритмнің қызметі – берілген информацияны өңдеу арқылы басқа, жаңа информацияны құру.
Берілген информацияны алғашқы информация дейді.
Алгоритм үшін бастапқы берілгендер немесе алғашқы информация болып табылатын шамаларды енетін шамалар немесе аргументтер деп атайды.
Алгоритмнің орындалу процесінде алынатын өңделген информацияларды сақтауға арналған шамаларды шығатын шамалар деп атайды.
Енетін шамаларға да, шығатын шамаларға дажатпайтын алгоритмді орындау процесінде аралық мәндерді сақтауға арналған шамаларда аралық шамалар дейді.
Шамалар 2 бөліктен тұрады:
шаманың аты – белгіленуі өзгермейді
шаманың мәні – өзгеріп отырады
Шама жәшік сияқты, жәшіктің сырты белгіленеді – ол аты, ішіне зат салумен беру сияқты болады.
Шамалар программасындағы қызметіне қарай:
тұрақты шамалар
айнымалы шамалар
Мәні алгоритмді орындау барысында өзгермейтін, алгоритм тексінде көрсетілген қалпында қала беретін шамаларды тұрақты шамалар дейді.
Алгоритмді орындау процесінде мәндері өзгеріп отыратын шамаларды айнымалы шамалар дейді.
Шамалар алгоритмде қызметіне қарай бірнеше болып бөлінеді:
натурал
бүтін
нақты
литерлік
Өзін тексеру сұрақтары
Есептеу процесі деген не?
алгоритм күрделілігін қалай түсінесіз?
алгоритмнің уақытша күрделілігі қай кезде байқалады?
алгоритмнің теориялық күрделілігі деген не?
Ұсынылатын әдебиеттер
Е. Бидайбеков, Е. Медеуов, А. Ниязбаев. Информатика бастамалары (алгоритмдеу). Алматы, 1990ж.
Вирт Н. Алгоритмы + структуры данных. Программы. – СПб, 2001ж.
Симонович С., Евсеев Г.Практическая информатика: Инфорком- Пресс, 1998г.
Острейковский В.А. Информатика, Москва, 2000 г.
Петров А.В., Алексеев В.Е., Ваулин А.С., Петрова М.А., Титов М.А., Шкатов П.Н. Вычислительная техника и программирование, Москва, 1990.
5-тақырып: «Іздеу алгоритмі. Реттеу немесе сұрыптау алгоритмі»
Достарыңызбен бөлісу: |