Деректер структурасының классификациясы.
Деректердің структурасы жалпы жағдайда деректер элементтерінің жиыны және олардың арасындағы байланыс жиыны деп қарастырылады.
Деректер структурасының классификациясы бірнеше белгілеріне қарай анықталады:
1. Деректердің физикалық структурасы
2. Деректердің логикалық структурасы
Деректердің машина жадысында қалай орналасатыны, физикалық көрінісі физикалық структурасы деп аталады.
Ал машина жадысында орналастырылуын есепке алмаған жағдайда деректердің қарастырылуы логикалық структурасы деп аталады.
Жалпы деректер структурасының типтері екіге бөлінеді:
1. Қарапайым немесе жай типтер
2. интегралданған- ауқымды типтер
Жай типтерге базалық, примитивті типтер жатады. Оларды биттен үлкен құрмалас бөліктерге бөлуге болмайды.
Ауқымды типтерге композитті, күрделі құрылымды типтер жатады. Олардың құрамдас бөлігі басқа бір структуралар болуы мүмкін.
Деректер элементтерінің арасында айқын берілген байланыстың бар болу, болмауына қарай деректердің структурасы тағы 2-ге бөлінеді:
1. байланысты
2. байланыссыз
Деректер структурасының маңызды белгілерінің бірі - өзгермелілігі- элементтердің саны және олардың арасындағы байланыс өзгеріп отырады.
Структуралардың өзгеруі элементтердің мәнінің өзгеруіне соқтырмайды. Сондықтан структуралардың өзгермелілігіне қарай үшке бөлінеді:
1. статикалық
2. жартылай статикалық
3. динамикалық
Деректердің тағы бір маңызды белгісі – реттелгендік. Бұл белгісіне қарай:
1. сызықты
2. сызықты емес структуралар болып бөлінеді.
Программалау тілдерінде «Деректер структурасы» мен «Деректер типі» ұғымдары тығыз байланысты. Кез келген деректер (тұрақты шама, айнымалы, функция мәні, өрнек т.б.) өздерінің типімен мінезделеді.
Әр тип бойынша ақпарат мына ұғымдарды бірмәнді анықтайды:
Деректер структурасына қолданылатын амалдар:
1. Құру
2. Жою
3. Таңдау
4. Жаңарту
Құру операциясы деректер структурасына жадыдан ұяшықтар бөлу болып табылады.
Жою операциясы құруға қарама қарсы, жадыдан деректерді өшіру болып табылады.
Таңдау операциясын структуралардың өз ішінде деректерге рұқсат алу үшін программист қолданады. Рұқсат алу операциясының түрі қажетті деректер структурасының типінен тәуелді.
Жаңарту операциясы деректер структурасында деректер мәндерін өзгертуге көмектеседі.
Бұл операциялар барлық деректер структурасына жалпы қолданылатын операцияларға жатады, ал кейбір деректер структурасына қолданылатын арнаулы операциялар бар.
Өзін тексеру сұрақтары
Деректер структурасы деген не?
Деректер структурасына қолданылатын амалдар
Программалау технологиясы деген не?
Ұсынылатын әдебиеттер
Е. Бидайбеков, Е. Медеуов, А. Ниязбаев. Информатика бастамалары (алгоритмдеу). Алматы, 1990ж.
Вирт Н. Алгоритмы + структуры данных. Программы. – СПб, 2001ж.
Симонович С., Евсеев Г.Практическая информатика: Инфорком- Пресс, 1998г.
Острейковский В.А. Информатика, Москва, 2000 г.
Петров А.В., Алексеев В.Е., Ваулин А.С., Петрова М.А., Титов М.А., Шкатов П.Н. Вычислительная техника и программирование, Москва, 1990.
7-тақырып: «Деректердің жай структурасы»
Достарыңызбен бөлісу: |