Назар аударыңыз! Егер зондтың ұшы асқазанда болса,онда зондты 7 белгісіне дейін кері шығару керек, зонд арқылы 100 мл 2-4% сода ертіндісін шприц арқылы жіберіңіз, 38 0 С дейін жылытыңыз.Содан кейін зондты 9 белгісіне дейін енгізген соң, ұшы жеткендігін тексеру.
Зерттеу материалын алудың іс –әрекет алгоритмі: 1.Зондты пробирканың түбіне дейін түсіріңіз,ол 9 белгісіне дейін қозғалғанда (қысқашты босатыңыз).Ақшыл сары түсті, мөлдір, созылмалы ұлтабар сөлі бөліне бастайды (әдетте бұл сұйықтық өзінен-өзі бөлінбейді,алдымен зондтың шетіне шприцті орнатып поршеньді өзіңе қарай тарту керек.Сұйықтық пайда болғаннан кейін зондтың сыртқы ұшын пробиркаға түсіріңіз) Бұл А үлесі