|
АҚТЫҚ ЖАҒДАЙДЫҢ КЕЗЕҢДЕРІМЕН ОЛАРДЫҢ
|
бет | 203/216 | Дата | 15.04.2022 | өлшемі | 0,57 Mb. | | #139423 |
| Байланысты: Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. ХАҚТЫҚ ЖАҒДАЙДЫҢ КЕЗЕҢДЕРІМЕН ОЛАРДЫҢ
КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСТЕРІ
I. Преагония ОЖЖ қызметінің бұзылыстары мен гемодинамика бірден нашарлауымен сипатталады:
есі өлі сақталған, бірақ емделуші өте баяу, есі шатасқан;
терісі боз немесе көгерген;
- пульсі жіп тәріздес, тахикардия;
АҚ 80 мм сынап бағанасының биіктігіне дейін төмендейді;
тыныс алу жиілейді;
көз рефлекстері сақталады, көз қарашығы жіңішке, жарыққа беретін реакциясы жоқ.
осы фазаның ұзақтығы бірнеше минуттан бірнеше тәулікке созылады.
II. Агония кезінде:
естің болмауы мүмкін, бірақ емделушінің естуі мүмкін;
терісі өте боз, кейде акроцианоз немесе мәрмәр түсті болады немесе басы көгереді;
пульсі ірі тамырларда ғана анықталады (ұйқы), брадикардия дамиды;
сирек, ырғақсыз, жанталаса (атональдық тыныс) тыныс алу байқалады;
көз қарашықтары кеңейген, жарыққа реакция беруі өте әлсіз;
тырысулар, еріксіз зор, нәжіс бөлулер дамуы мүмкін.
Бұл фазаның ұзақтығы бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін созылады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|