дене температурасының қоршаған орта температурасына дейін төмендеуі;
мәйіт дақтарының пайда болуы - ол тері бетіне шығатын көкшіл дақтар. Мәйітті арқасына жатқызғанда олар жауырын,жамбас тұстарында, ал етбетімен жатқызғанда - бетіне, мойнында, кеуде, іш тұстарында пайда болады;
мәйіттің сіресуі. Бұл елімнен 2-4 сағат өткеннен соң дамитын биологиялық өлімнің күмәнсіз белгісі.
Ол бет бұлшық еттерінен басталып, дене бұлшық еттеріне, кейіннен аяқтарға біртіндеп тарайды.
"мысық көзі" симптомының, болуы - көзді басқанда, көз қарашығынын, формасы өзгеріп, мысық көзін еске салады;
көздің мөлдір қабы майланып, кебеді, көз алмасы босаңсиды.