Зақымданушыны тексеріп қарау Мақсаты: өмір сүру мүмкіндігі барын немесе жоғын анықтау
Көрсетім: өмір суруге қабілетіне қауіп төнген жағдайда
Жабдықтар: айна, мақта немесе бинт, түнгі уақытта фонарик (жарқ түсіргіш)
Өмір сүру мүмкіндігінің белгілері:
Жүрек соғысы (қолмен немесе құлақпен тыңдау арқылы сол жақ кеудеде омырау тұсынан)
Артериялардан пульс анықталса, (ұйқы, шат, білезік артерияларында);
Тыныс алуының болуы (кеуденің немесе ішінің қозғалысы арқылы, мұрынына немесе ауызына айна қойған кезде булануы байқалса);
Көз қарашықтарының тарылуы, жарыққа реакциясы бар екендігін білдіреді.
Күндіз болса, науқастың көзін бірнеше уақытқа қолмен жауып тұрып, тез жылдамдықпен қолды алған жағдайда көз қарашықтарының тарылуы байқалады.
Есте сақтаңыз! Жүрек соғысының, пульстің, тыныс алудың, көз қарашықтарының жарыққа реакциясы болмауы зақымданушыңы өлгенін растамайды. Бұндай белгілер клиникалық өлім кезінде де болуы мүмкін. Сондықтан да реанимациялық шаралар тек биологиялық өлімнің күмәнсіз белгілері пайда болғанда ғана тоқтатылады.