Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі мен әдебиеті



бет16/31
Дата13.11.2022
өлшемі1,54 Mb.
#158020
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31
Байланысты:
3-osh fo aza-tl -t2 6-syn (3)
ya i kompaniya, СОЧ 2ч -6кл —, КТЖ - 9 сынып
Бөлім «Қазақстан қорықтары»


Оқу мақсаты 6.4.2.1 - эссе тақырыбының желісінен шықпай, әрбір
абзацты жүйелі құрастырып, қажетті мазмұнын ашып жазу


Бағалау критерийі Білім алушы

• Тақырыпқа сай құрылымын сақтап, эссе жазады




Ойлау дағдыларының Жоғары деңгей дағдылары
деңгейі


Тапсырма
«Биоалуантүрлілікті сақтауда қорықтардың маңызы қандай?» деген тақырыпта құрылымын сақтап, эссе жазыңыз.
Дескриптор Білім алушы



  • кіріспе бөлімде кілт сөзге анықтама береді;

  • негізгі бөлімде еліміздегі қорықтар, олардың флорасы мен фаунасын сақтаудағы рөлі туралы жазады;

  • қорытынды бөлімде қорықтардың санын арттыруға қатысты ұсыныс береді.

37


Оқу мақсаты

6.1.4.1 - әңгіме, хикаялардың және шағын поэзиялық шығармалардың мазмұнын талдай отырып, кейіпкерлерге сипаттама жасау







Бағалау критерийі


Білім алушы



• Мәтін мазмұнына байланысты кейіпкерлердің
іс-әрекетін сипаттайды



Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану



Тапсырма
Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Қарлығаш қарағанда өзге құсқа,


Барынша жұмысына тым-ақ ұста.
Балшықтан бөбегіне бесік жасап,
Өзгеге өрнегімен болған нұсқа.

Ұясы дөп-дөңгелек тостағандай,


Тап-таза, кіршік қиқым қоспағандай.
Бөленіп ақ бесікке алты бала,
Ұйқыдан әлі көзін ашпағандай.

Ақ үрпек балапандар аузын ашқан,


Өмірге күндей өсіп қадам басқан.
Ас беріп ата-анасы асырайды,
Мәпелеп балапанын бала жастан.

Тоғайдан, ойдан, қырдан жем іздейді,


Жүрекке жем іздеумен ем іздейді.
Шырқырап құс та болса баласы үшін,
Шөлдедім, қарным ашты дегізбейді.

Мекендер сол араны шұбар жылан,


Қашаннан құс жанына құмар жылан.
Иісін балапанның біліп, сезіп,
Келеді жемек болып сусап бұған.

Қарлығаш ата-анасы екі жұбай,


Жем іздеп жерді кезген тынбай ұдай.
Жем алып ұясына ұшып келсе,
Таянып қалған екен жылан сұмырай!

Жыланды қарлығаштың көрді көзі,


Мынауың қиянат дер бар ма сөзі?!
Аймалап балапанын қанатымен,
Айбат қып сұм жыланға көрді өзі.
38

1.Мәтіндегі ақпараттардың ретін көрсетіңіз.

Жыланға қарлығаш қарсылық көрсетеді.


Балапандарына тамақ тасып асырайды.


Сұр жылан ұяға жақындап қалған.


Саздан балапандарына ұя жасайды.


2.Мәтіндегі кейіпкерлердің бірін таңдап, мінездеме беріңіз. Мінездемеге сай мәтіннен дәлел келтіріңіз.





Кейіпкер

Мінездеме

Мәтіннен дәлел

Қарлығаш
















Жылан


















Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет