Тапсырма
Кешенді эстафетаны орындаңыз (допты алып жүру/допты беру, допты шығыршыққа лақтыру, жұптасып допты беру).
Білім алушылар санына қарай 3-4 командаға бөлінеді. Әр команда өзіне капитан тағайындайды. Сол капитан әр ойыншынының мүмкіндігіне қарап станцияларға бөледі. ( Әр білім алушы кезекпен капитан болады).
Кешенді эстафета
Бірінші білім алушы 10 м қашықтыққа дейін допты алып жүруді орындайды және екінші білім алушыға допты береді.
Екінші білім алушы допты 5 рет нәтижелі соққымен шығыршыққа тастайды, одан кейін допты алып жүру арқылы 10 м қашықтықты қайта жүріп, сөреге жетіп, допты үшінші білім алушыға береді.
Үшінші және төртінші білім алушылар допты жұпта оң және сол бүйірлерімен 10 м қашықтықты қозғалыс арқылы жүріп отырып, бесінші білім алушыға береді.
Бесінші білім алушы допты алып жүріп, екі қадам жасау арқылы шығыршыққа допты салады. Добы шығыршыққа түскен жағдайда орнына оралады, сонымен эстафета аяқталады.
Егер добы шығыршыққа түспесе, шығыршыққа доп нәтижелі түскенше 3
рет допты лақтырады, 3 ретте де добын шығыршыққа түсіре алмаған жағдайда орнына қайта оралады.
Дескриптор Білім алушы
15