Мұғалімге ескертпе.
Бұл мақсат «Экономикалық география» бөлімі, «Табиғи ресурстар» бөлімшесі, «Табиғи ресурстарды өңдеу технологиясы, орталықтары және дайын өнім түрлері» тақырыбына негізделген.
Тапсырма
Пайдалы қазбалардың кен орындары картасын қолданып, тапсырманы орындаңыз.
Картадан темірдің кен орындарын анықтаңыз.
Қазақстандағы темір кенін өңдейтін орталықты кескін картада белгілеңіз.
Шикізаттың тасымалдану жолын картада сызып көрсетіңіз.
Қара металлургияның негізгі өнімдерін атаңыз.
|