Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы География 8-сынып Құрметті мұғалім!



бет1/22
Дата14.01.2020
өлшемі6,98 Mb.
#55812
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
ОШ ФО География 8-сын қаз

Қалыптастырушы бағалауға арналған

тапсырмалар жинағы
География
8-сынып

Құрметті мұғалім!

Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі.Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып табылады.

Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге мүмкіндік береді.

Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.



Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!

Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.

Мазмұны




1-тоқсан 4

1-тоқсан




Бөлім 1. Географиялық зерттеу әдістері

Бөлімше 1.1 Зерттеулер және зерттеушілер


Тақырып

География ғылымының салалары


Оқу мақсаты

8.1.1.1География ғылымының салаларға бөлінуін графикалық түрде көрсетіп түсіндіреді

Бағалау критерийі


Білім алушы

  • География ғылымының салаларын графикалық түрде бейнелейді




Ойлау дағдыларының

деңгейі


Білу және түсіну

Қолдану



Тапсырма
1. Төменде берілген сызбаға география ғылымының салаларын жазыңыз.


ГЕОГРАФИЯ



1.



2.


2.Әр саланың ерекшелігін түсіндіріңіз.


Дескриптор

Білім алушы






Бөлім1. Географиялық зерттеуәдістері

Бөлімше 1.1 Зерттеулер және зерттеушілер


Тақырып

География ғылымының салалары


Оқу мақсаты

8.1.1.2География ғылымы салаларындағы маңызды зерттеулерді анықтайды

Бағалау критерийі


Білім алушы




Ойлау дағдыларының

деңгейі


Қолдану

Тапсырма
Кестені толтырыңыз.


География ғылымын зерттеуге үлес қосқан ғалымдар

1) В.В. Докучаев

2) А.Вегенер

3) П.Л.Воейков


1) В.П. Максаковский

2) В.В.Баранский



Зерттеген ғылым саласы






География ғылымы салаларын зерттеуде үлес қосқан ғалымдардың біреуінің еңбегін

сипаттаңыз.


  • Ғылым саласында ашқан жаңалықтарына мысал келтіріңіз.

  • Ғылым саласында ашқан жаңалықтарының қазіргі кездегі өзектілігін анықтаңыз.

Дескриптор

Білім алушы




  • ғалымдардың зерттеген ғылым саласын анықтайды;

  • ғылым саласында ашқан жаңалықтарына мысал келтіреді;

  • ашқан жаңалықтарының қазіргі кездегі өзектілігін сипаттайды.



Бөлім1. Географиялықзерттеуәдістері

Бөлімше 1.1 Зерттеулер және зерттеушілер


Тақырып

Географиялық зерттеу әдістерінің түрлері


Оқу мақсаты

8.1.1.3 Далалық, картографиялық, теориялық географиялық зерттеу әдістерінің мәнінтүсіндіріп, қолданады

Бағалау критерийі


Білім алушы

  • Географиялықзерттеу әдістерін сипаттайды




Ойлау дағдыларының

деңгейі


Қолдану

Тапсырма
Топтық жұмыс

Географиялық зерттеу әдістерінің түрлерін түсіндіріңіздер.


1-топ. Далалық әдіс.

Табиғатта болатын құбылыстарды: жыл мезгілдерінің ауысуына байланысты қоршаған ортада болатын өзгерістер, географиялық алаңда климаттық өзгерістерді бақылау негізінде.


2-топ.Картографиялық әдіс.

Географиялық карта мен топографиялық картаны салыстыра отырып, шартты белгілердің негізінде.


3-топ.Теориялық әдіс.

Мемлекеттердің жер көлемдеріне, халық санына, халықтың қоныстану тығыздығына байланысты статистикалық мәліметтер негізінде.





Дескриптор

Білім алушы




  • далалық зерттеу әдісін түсіндіреді;

  • картографиялық зерттеу әдісін түсіндіреді;

  • теориялық зерттеу әдісін түсіндіреді.



Бөлім 1. Географиялықзерттеуәдістері

Бөлімше 1.1 Зерттеулер және зерттеушілер


Тақырып

Географиялық деректерді өңдеу және талдау


Оқу мақсаты

8.1.1.4Сандық және сапалық географиялық деректерді өңдеп, талдайды

Бағалау критерийі


Білім алушы

  • Сандық және сапалық деректерді жіктейді




Ойлау дағдыларының

деңгейі


Қолдану


Тапсырма
Қазақстан территориясын зерттеген саяхатшылар мен зерттеушілерді тарихи уақыт белдеуі бойынша сипаттаңыз.






ежелгі ғасыр

орта ғасыр

жаңа ғасыр

Зерттеуші










Зерттеу нысаны










Зерттеу жұмысының маңыздылығы











Дескриптор

Білім алушы





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет