Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы География 8-сынып Құрметті мұғалім!



бет2/22
Дата14.01.2020
өлшемі6,98 Mb.
#55812
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
ОШ ФО География 8-сын қаз
биосфера 8 сынып. Сабақ жоспары. табиғат зоналары



Бөлім1. Географиялық зерттеуәдістері

Бөлімше 1.1 Зерттеулер және зерттеушілер


Тақырып

Географиялық модельдер


Оқу мақсаты

8.1.1.5Географиялық нысандардың, құбылыстардың және үдерістердің модельдерін түрліматериалдардан немесе түрлі техникаларда жасау арқылы ерекшеліктері мен қасиеттерінтүсіндіреді

Бағалау критерийі


Білім алушы




Ойлау дағдыларының

деңгейі


Қолдану


Тапсырма
Модельдеу түрлерінің сипаттамасымен танысыңыз.

Иммитациялық моделькүрделі жүйелердегі процестерді бейнелейді. Есептеу қоры ретінде электронды-есептеу машиналары пайдаланылады.

Графикалық модель -объектіні көрнекі бейнелеу тәсілі: сурет, сызба,схема.

  • Модельдеу түрлерінің біреуін таңдап алып, өзіңізге таныс географиялық нысан немесе құбылыстың моделін жасаңыз.

  • Өзіңіз жасаған модельдің жасалу жолын түсіндіріңіз.


Ескерту:төмендегі суреттер мысал ретінде ұсынылады.



Дескриптор

Білім алушы




  • географиялық нысан немесе құбылыстың моделін жасайды;

  • өзі жасаған модельдің жасалу жолын түсіндіреді.



Бөлім1. Географиялық зерттеуәдістері

Бөлімше 1.1 Зерттеулер және зерттеушілер


Тақырып

Зерттеу нәтижелерін ұсыну формалары


Оқу мақсаты

8.1.1.6 Зерттеу нәтижелерін түрлі формада ұсынады

Бағалау критерийі


Білім алушы

  • Зерттеу нәтижелерін түрлі формада көрсетеді




Ойлау дағдыларының

деңгейі


Қолдану

Тапсырма
1.Өзіңіз тұратын аймақтың ашылу тарихына зерттеу жасаңыз.

  • Өзіңіз тұратын жер атауының топонимикасын анықтаңыз.

  • Өзіңіз тұратын аймақта зерттеушілер есімімен аталатын географиялық нысандарды анықтаңыз.

  • Өз аймағыңыздағы рекреациялық маңызы бар жерлерді жазыңыз.

  • Сіздің аймағыңыздың республика үшін маңызын сипаттаңыз.


2.Жасалған зерттеу жұмысын өз қалауыңыз бойынша: постер, презентация, ашық журнал, эссе т.б. формада қорғаңыз.


Дескриптор

Білім алушы




  • жер атауының топонимикасын анықтайды;

  • сол аймақ арқылы өткен саяхатшылар мен зерттеушілерді атайды;

  • өз жерінің көрікті жерлерін насихаттайды.



Бөлім 2.Картография және географиялық деректер базасы

Бөлімше2.1 Географиялық карталар


Тақырып

Тақырыптық карталар және оларды қосымша сипаттайтын элементтер

Оқу мақсаты

8.2.1.1 Тақырыптық карталарды сипаттайтын қосымша элементтерді құрастырады: профиль, диаграмма, график, кесте

Бағалау критерийі


Білім алушы

  • Тақырыптық карталарды сипаттайтын қосымша элементтерді қолданады




Ойлау дағдыларының

деңгейі


Қолдану

Тапсырма
Физикалық карта (геологиялық, климаттық, т.б.) немесе әлеуметтік-экономикалық карталардағы шартты белгілерді оқи отырып, төмендегі жоспар негізінде жұмыс жасаңыз.

  • Картадағы шартты белгілерді оқыңыз.

  • Картаға қажетті қосымша элементтерді анықтаңыз.

  • Өздеріңіз қосатын қосымша элементтерді сызыңыз.




Дескриптор

Білім алушы




  • картаны шартты белгілерге сәйкес оқиды;

  • картадағы қосымша элементтерді анықтайды;

  • өздігінен қосымша элементтер қосып, сызады.






Бөлім 2.Картография және географиялық деректер базасы

Бөлімше2.1 Географиялық карталар


Тақырып

Тақырыптық карталарды оқу

Оқу мақсаты

8.2.1.2Географиялық шартты белгілер мен карталарды сипаттайтын қосымша элементтерді қолдана отырып, тақырыптық карталарды оқиды

Бағалау критерийі


Білім алушы

  • Шартты белгілер мен қосымша элементтер арқылы тақырыптық карталарды сипаттайды

Ойлау дағдыларының

деңгейі


Қолдану

Тапсырма
Тақырыптық картадан астанасының географиялық координаттары - 52°31′ с.е. және 13°24′ ш.б. болатын мемлекетті табыңыз.

  • Оның шекараларын, астанасын анықтаңыз.

  • Осы елге көрші мемлекеттерді анықтаңыз.

  • Көрші мемлекеттерді төмендегі кестеге толтырып жазыңыз.


Көршілес мемлекеттер


Солтүстік көршілері




Оңтүстік көршілері




Шығыс көршілері




Батыс көршілері






Дескриптор

Білім алушы




  • географиялық координаттары бойынша картадан елді, астанасын анықтайды;

  • көршілес елдерді атайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет