Глоссарий Кеңістік және уақыт



бет1/3
Дата13.02.2020
өлшемі63,46 Kb.
#57986
  1   2   3
Байланысты:
glossarii
СРС РК1 Физика 1 каз, Отчет Шалкар, CCиМ 19-11 Толегеова Мадина Реферат Футбол, тап.5 Орынбаева А.Б, МТПРП-206 Байбосын Құндыз, Әлеуметтану, ЛЕКЦИЯ №1, ДӘРІС №2, Управление риском в социально-экономических системах by Богоявленский С.Б. (z-lib.org), marcet, Учебное пособие Мызрова К.А. ОРГАНИЗАЦИОННА КУЛЬТУРА, Отчет, ОТЗЫВ, Introduction to Hospitality
Глоссарий
Кеңістік және уақыт – материя болмысының негізгі формаларын анықтаушы категориялар. Кеңістік жеке нысандардың бірге өмір сүру тәртібін, ал уақыт – құбылыстардың және материя күйлерінің алмасу ретін, олардың өмір сүру ұзақтығын сипаттайды.

Бастапқы уақыт – уақыт санағын жүргізуді бастау уақыты.

Механика – механикалық қозғалыс пен денелердің механикалық әрекеттесулерін зерттейтін бөлім.

Кинематика – материялық денелердің қозғалысын олардың массалары мен әсер етуші күштерін ескермей зерттейтін механика бөлімі.

Механикалық қозғалыс – материялық денелердің басқа денелермен салыстырғандағы кеңістіктегі орнының немесе оның бөліктерінің өзара орналасуының уақыт бойынша өзгерісі.

Абсолют қатты дене – кез-келген екі нүктесінің ара қашықтығы ешқашан өзгермейтін материалдық дене.

Санақ жүйесі – материялық денелер, не нүктелер қозғалысын (немесе тепе-теңдігін) салыстырып зерттеу үшін таңдап алынған денеден, оған бекітілген координаталар жүйесі мен сағаттан тұратын жиын.

Радиус-вектор – қарастырылып отырған санақ жүйесінің бастапқы нүктесі мен қозғалыстағы дененің кеңістіктегі орнын үздіксіз қосып тұратын - вектор.

Траектория – материялық нүктенің кеңістікте жүріп өткен жолын көрсететін сызық.

Қатты дененің ілгерілемелі қозғалысы – дененің екі нүктесі арқылы өтетін түзу өзінің бастапқы бағытына параллель болып қалатын қозғалыс.

Қатты дененің айналмалы қозғалысы – дененің барлық нүктелері центрлері айналу өсі деп аталатын түзу бойында жататын шеңбер бойымен қозғалатын қозғалыс

Орын ауыстыру – қарастырылып отырған уақыт интервалының бастапқы және соңғы сәттеріндегі дененің кеңістіктегі орындарын қосатын вектор; орын ауыстыру векторы траекторияға жанама бойынша бағытталады.

Жол – қарастырылып отырған уақыт интервалының бастапқы және соңғы сәттеріндегі дененің кеңістіктегі орындарының траектория бойынша ара қашықтығыs. [s]=1м

Нүкте жылдамдығы (лездік жылдамдық) қарастырылып отырған санақ жүйесінде дененің радиус-векторының уақыт бойынша туындысына тең шама; қозғалыстың кинематикалық өлшемі:

; .

Нүкте үдеуі (лездік үдеу) қарастырылып отырған санақ жүйесінде жылдамдықтың уақыт бойынша туындысына тең шама; нүкте жылдамдығы өзгерісінің өлшемі:

; [а]=1м/с.

Бұрыштық орын ауыстыру - модулі дененің шексіз аз бұрылу бұрышына тең, бағыты оң бұранда ережесімен анықталатын және айналу өсінің бойында жататын векторлық шама; , радиан арқылы өрнектелетін өлшемсіз шама.

Бұрыштық жылдамдық - бұрыштық орын ауыстыру векторының уақыт бойынша бірінші туындысына тең векторлық шама. Ол қарастырылып отырған уақыт сәтіндегі айналу өсі бойында жатады және ұшынан қарағанда дененің элементар бұрылуы сағат тіліне қарсы болып көрінетін жаққа бағытталады. Дененің айналмалы қозғалысының кинематикалық өлшемі. Өлшем бірлігі: []=1рад/с. Қозғалмайтын өсті айнала қозғалған дене үшін бұрыштық жылдамдықтың модулі бұрылу бұышының уақыт бойынша туындысына тең: .

Бұрыштық үдеу - бұрыштық жылдамдықтың уақыт бойынша бірінші туындысына тең физикалық шама:

; []=1 рад/с.

Айналу жиілігі nбірқалыпты айналмалы қозғалыстағы дененің толық айналу саны мен оған кеткен уақыт интервалының қатынасына тең шама:

; [n]=1с.

Жанама үдеу материялық нүкте үдеуінің траекторияға сол нүктеде тұрғызылған жанамаға проекциясы (тангенциал үдеу).

Нормаль үдеу материялық нүкте үдеуінің траекторияға сол нүктеде тұрғызылған бас нормалі бойындағы құраушысы.

Динамика – механикалық жүйелердің күштер әрекетінен қозғалысын зерттейтін механика бөлімі.

Масса – материялық дененің инерттігінің және гравитациясының өлшемі. Кез-келген материялық нысанның негізгі сипаттамаларының бірі. Өлшем бірлігі: .

Материялық нүкте – өлшемдерін берілген жағдайда ескермеуге болатын, яғни, өлшемдері орын ауыстырудан көп кіші дене.

Инерциялық санақ жүйесі – оқшауланған материялық нүкте тыныштық күйде немесе бірқалыпты және түзу сызықты қозғалыста болатын санақ жүйесі.

Күш – бір материалдық дененің екінші денеге механикалық әсерінің өлшемі. Векторлық шама, өлшем бірлігі: .


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет