Глоссарий Кеңістік және уақыт


Дененің еркіндік дәрежесі



бет3/3
Дата13.02.2020
өлшемі63,46 Kb.
#57986
1   2   3
Байланысты:
glossarii
СРС РК1 Физика 1 каз, Отчет Шалкар, CCиМ 19-11 Толегеова Мадина Реферат Футбол, тап.5 Орынбаева А.Б, МТПРП-206 Байбосын Құндыз, Әлеуметтану, ЛЕКЦИЯ №1, ДӘРІС №2, Управление риском в социально-экономических системах by Богоявленский С.Б. (z-lib.org), marcet, Учебное пособие Мызрова К.А. ОРГАНИЗАЦИОННА КУЛЬТУРА, Отчет, ОТЗЫВ, Introduction to Hospitality

Дененің еркіндік дәрежесіі оның кеңістіктегі орнын толық анықтауға қажет тәуелсіз координаталардың ең аз саны.

Ішкі энергияжүйедегі барлық микробөлшектердің – атомдар мен молекулалардың, электрондардың толық энергияларының және олардың өзара әсерлесу энергияларының қосындысы.

Термодинамиканың бірінші заңы – жүйеге берілген жылу мөлшері оның ішкі энергиясының өзгерісі мен жүйенің сыртқы күштерге қарсы жасайтын жұмысына жұмсалады.

Изохоралық процесс– газды қыздыру немесе суыту процестері тұрақты көлемде өтетін процестер.

Изобаралық процесс– газды қыздыру немесе суыту процестері тұрақты қысымда өтетін процестер.

Изотермиялық процесстұрақты температурада өтетін термодинамикалық процестер.

Адиабаталық процесстермодинамикалық жүйелерде сыртқы ортамен жылу алмасусыз өтетін процестер.

Политроптық процесс – жылусыйымдылығы өзгеріссіз өтетін термодинамикалық процесс.

Қайтымды термодинамикалық процессжүйедегітермодинамикалық процесс тура және кері бағытта жүріп бастапқы қалыпқа қайта оралғанда қоршаған ортада ешқандай өзгеріс болмайтын процесс.

Термодинамиканың екінші бастамасы жылуды толығымен жұмысқа айналдыратын периодты жылу машинасын жасау мүмкін емес немесе жылу өздігінен температурасы жоғары денеден температурасы төмен денеге ғана өтуі мүмкін.

Электр заряды – дененің электрмагниттік әрекеттесу қабілетінің сандық өлшемі туралы ғылым.

Элементарзаряд – электронның немесе протонның электр зарядтарына тең ең кіші электр заряды: Кл. Шартты түрде электронның зарядын теріс, протонның зарядын оң заряд деп есептейді

Электр зарядтарының әрекеттесу заңы – аттас зарядтар бірін-бірі тебеді, әр аттас зарядтар – тартады.

Электр зарядының сақталу заңы – оқшауланған жүйедегі зарядтардың алгебралық қосындысы тұрақты болады.

Кулон заңы – екі нүктелік зарядың әрекеттесу күші олардың зарядтарының көбейтіндісіне тура, ара қашықтығының квадратына кері пропорционал:. Мұндағы: q1, q2 – электр зарядтары, rолардың ара қашықтығы, εo – электрлік тұрақты, ε – ортаның диэлектрлік тұрақтысы.

Электрлік тұрақты – Кулон заңы бойынша екі зарядтың әрекеттесу күшін Бірліктердің халықаралық жүйесінде (СИ) анықтаушы пропорционалдық коэффициент:

.

Ескірген атауы – вакуумның электрлік өтімділігі.



Диэлектрлік тұрақты электр өрісі әсерінен диэлектриктердің полярлануын сипаттаушы шама ε.

Электрстатикалық өріс – қозғалмайтын электр зарядтары тудыратын электр өрісі.

Электр өрісінің кернеулігі – электрстатикалық өрістің берілген нүктесінде орналасқан зарядқа әсер етуші күштің сол зарядқа қатынасына тең, өрісті күш бойынша сипаттаушы векторлық шама: . Бірліктердің халықаралық жүйесіндегі (СИ) өлшем бірлігі: [Е]=.

Электр өрісінің күш сызықтары –кез-келген нүктесіндегі жанамасыэлектр өрісінің кернеулігі векторымен бағыттас болатын қисықтар.

Электр өрісінің кернеулігі векторының ағыны – беттің элементар бөліктері мен кернеулік векторының осы бөліктерге нормаль құраушылары көбейтінділерінің қосындысына тең болатын электрстатикалық өрістің интегралдық сипаттамасы: . Бірліктердің халықаралық жүйесіндегі (СИ) өлшем бірлігі: 1Вм.

Вакуумдағы электр өрісі үшін Остроградский-Гаусс теоремасы – тұйық бет арқылы өтетін электрстатикалық өріс кернеулігінің ағыны сол бетпен шектелген аймақтағы зарядтардың қосындысы мен электрлік тұрақтының қатынасына тең болады: .

Магнит өрісі – ток немесе қозғалыстағы заряд айналасында пайда болатын өріс.

Лоренц күші – магнит өрісінде қозғалыстағы зарядқа әсер етуші күш.

Айнымалы ток – уақыт бойынша өзгеріп тұратын ток.

Гармониялық тербеліс – уақыт бойынша синус немесе косинус заңдылығы бойынша өзгеретін тербеліс.

Толқын ұзындығы – бірдей фазада тербелетін ең жақын екі нүктенің ара қашықтығы.

Толқын шебі – бір фазада тербелетін нүктелерден құралған толқын беті.

Умов-Пойнтинг векторы – бірлік аудан арқылы оған перпендикуляр бағытта бірлік уақытта өтетін электрмагниттік өріс энергиясына тең, электр және магнит өрістері кернеуліктерінің векторлық көбейтіндісіне тең шама.

Когерентті толқындар – жиіліктері бірдей және фазалар айырымы тұрақты болатын монохромат толқындар.

Толқындардың интерференциясы – когерентті толқындардың бірін-бірі күшейту немесе әлсірету құбылысы.

Жарықтың оптикалық жол ұзындығы – ортаның сыну көрсеткіші мен геометриялық ұзындықтың көбейтіндісіне тең шама.

Дифракция – толқынның бөгеттерді айналып (орағытып) өтуі.



Поляризация – толқындағы тербелістің белгілі бір жазықтықта ғана жүруі.

Жарық векторы – электрмагниттік толқындағы электр өрісі кернеулігінің векторы.

Табиғи жарық – электр және магнит өрісі векторлары кез-келген жазықтық бойынша ретсіз тербелетін жарық.

Оптикалық актив заттар – поляризация жазықтығын бұру қабілеті бар заттар.

Жылулық (температуралық) сәуле шығару – температураға байланысты заттардың ішкі энергия есебінен сәуле шығаруы.

Абсолют қара дене – түскен жарық энергиясын толық жұтатын, яғни жұту қабілеті (а=1) максимум болатын денелер.

Стефан-Больцман заңы – абсолют қара дененің сәуле шығару қабілеті температураның төртінші дәрежесіне тура пропорционал.

Винның ығысу заңы – кез-келген температурада сәуле шығару қабілетінің максимумына сәйкес келетін толқын ұзындығының сол температураның абсолюттік шкаладағы мәніне көбейтіндісі тұрақты шама.

Фотоэффект – жарық сәулесінің әсерінен электрондардың металдардан ұшып шығуы.

Толқындық функция – бөлшектің кеңістіктегі берілген нүктеде болу мүмкіндігін анықтайтын ықтималдылық функциясы.

Паули принципі – бір энергиялық деңгейде төрт кванттық саны бірдей екі электронның бола алмау принципі.

Нуклондар– протон мен нейтрондардың жалпы аталуы.

Массалық сан – атом массасын сипаттайтын бүтін сан.

Атом ядросының байланыс энергиясы – жарық жылдамдығы квадратының нуклондар массаларының қосындысы мен ядро массасының айырымына көбейтіндісіне тең шама.

Радиоактивтілік – ауыр элементтердің альфа, бетта және гамма сәулелерін шығаруы.

Ядролық реактор – ядролық реакциялар өтетін қондырғы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет