Алматы 2010 Құдайберді бағАшАр Исламдағы тазалық


Қызметкер және тұрақты жұмысшылық



Pdf көрінісі
бет190/223
Дата26.08.2020
өлшемі1,35 Mb.
#76877
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   223
Байланысты:
Islamda 1171 y tazaly 1179

Қызметкер және тұрақты жұмысшылық
Мұсылман  адамның  мемлекеттік  мекемелер-
де  және  жеке  компанияларда  қызметкер  немесе 
жұмысшы ретінде еңбек етуіне діни тұрғыдан шектеу 
қойылмайды. Алайда басқарушылық немесе төрағалық 
секілді жауапты қызметтерді өзі  талап етуі дінде аса 
құпталмайды.  Бір  хадисте:  «Басқарушылар,  төраға 
144
 «Тәубә» сүресі, 9/60


178
Исламдағы тазалық
немесе  қорғаушылардың  (әскери  басшылар)  жағдайы 
аянышты.  Қиямет  күнінде  кейбір  топтар:  «Әттең, 
үркер  жұлдыздарына  шашымыздан  асылып  көкпен 
жердің  арасында  сілкіленсек,  бірақ  жауапкершілікті 
мойнымызға  алмаған  болсақ»,  –  деп  өкінеді»
145
  деп 
айтылады.  Дегенмен  оның  қарым-қабілетін  бағалап, 
басқа  адамдар  басшылыққа  ұсынған  жағдайда 
жауапкершілікті қабылдауында ешқандай әбестік жоқ. 
Сахаба  Абдурахман  ибн  Сәмураға  (р.а.)  ардақты 
Пайғамбарымыз былай деген: «Басшылыққа ұмтылма! 
Себебі,  басшылыққа  еркіңнең  тыс  тағайындалсаң, 
Аллаһтан көмек келеді, ал оны өзің талап етсең, онда 
жеке өзің мойынмен көтересің»
146
.
Ислам діні табыс табу үшін саудамен, кәсіпкерлік-
пен  және  лауазымды  қызметпен  айналысуды  шекте-
меген.  Алайда  капиталистік  немесе  прагматикалық 
көзқарастан бөлек үш негізгі қағиданы ұстанады: 
Екі жақты ризашылық;
 
6
жақсы ниет және туралық;
 
6
Өз мүддесін қамтамасыз етумен бірге басқалардың 
 
6
мүддесіне нұқсан келтірмеу; Құранның төмендегі 
аяты  осы  мәселеге  қатысты  негізгі  қағидаларды 
белгілейді: «Ей, иман еткендер! Мал-мүліктеріңді 
өз араларыңда әділетсіздікпен жемеңдер. Бірақ екі 
жақты ризашылықпен  жасалатын сауда арқылы 
болса  (бұл)  басқа,  өздеріңді  құрдымға  кетуден 
сақтаңдар. Күдіксіз, Аллаһ сендерге өте мейірімді. 
Кімде-кім  шектен  шығып  және  залымдықпен 
145
 Ибн Хиббан, әл-Бүйү 4; Ибн Мәжә, әл-Тижарат 3
146
 Бухари, әл-Аһкам 5-6; әл-Әйман 1; Мүслим, әл-Имарах 13; әл-
Иман 19


179


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   223




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет