Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


бәдәуидің басынан кешкені



Pdf көрінісі
бет202/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

бәдәуидің басынан кешкені
Әбу Саид (р.а.) айтады: «Бір бәдәуи Пайғам-
барымыздан 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
алған қарызын 
қайтаруды сұрайды. Тіпті «Дереу қарызыңды төле» деп 
кіжіне сөйлеп, әдепсіздік танытады. Сахабалар оған: 
«Сен кіммен сөйлесіп тұрғаныңды білесің бе? Қандай 
адамсың сен?!» – деп ашуланады. Ол: «Мен өз ақымды 
талап етіп тұрмын», – деп табандап тұрып алады. Сон-
да Аллаһ расулы 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
: «Сендер қайта 
ақысын талап етушіні жақтауларың керек емес пе?» – 
дейді. Сосын Хаула бинти Кайсқа: «Сенде құрма бол-
са, қарызға бере тұр, реті келгенде саған қайтарамыз», 
– деп хабар жібереді. Хаула: «Сенің жолыңда жаным 
құрбан, құрма бар», – деп, сұрағанын беріп жібереді. 
Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бәдәуиге қарызын 
беріп, ауқаттандырды. Ішіне ел қонып, көңілі көтерілген 
454
Ахмад ибн Ханбәл, Мүснәд 6/320 (26760)


436
Сахабалар салған сара жол
бәдәуи: «Сен қарызыңды толық өтедің, Аллаһ саған 
жар болсын», – дейді. Осы оқиғадан соң Аллаһ расу-
лы: «Қарызынан құтылғандар – адамдардың ең абзалы. 
Араларыңдағы әлсіздердің алашағы мен ақысы желін-
ген, есесі кеткен қоғам таза қоғам болып саналмайды», 
– дейді
455

хазірет Әбу бәкірдің әділдігі
Абдуллаһ ибн Амр ибн Ас (р.а.) айтады: «Әбу Бәкір 
(р.а.) жұма күні жамағатқа: «Ертең таңертең зекетке 
берілген түйелерді әкеліңдер, бөліске салайық. Алайда, 
ешкім рұқсатсыз біз отырған жерге кірмесін», – дейді. 
Содан бір әйел күйеуіне: «Мына ноқтаны ал, бәлкім 
Аллаһ бізге біреуін нәсіп етер», – дейді. Әйелінің жөн 
сілтеуімен ноқтасын алып шыққан адам айтқан жер-
ге жеткенде, Әбу Бәкір мен Омар түйелер қамалған 
ашық қораға кіреді. Ол да арттарынан қалмайды. Әбу 
Бәкір: «Саған бұл жерге кіруге кім рұқсат берді?» – 
деп, қолындағы ноқтасын алып, оны тартып жібереді. 
Түйелерді бөліске салып жатқанда, Әбу Бәкір амал-
сыздан қол жұмсауына тура келген адамды шақырып, 
ноқтасын береді де «Қалаған түйеңді алып кет», – дей-
ді. Омар: «Жоқ, болмайды, ей, Әбу Бәкір! Адамдар 
тәртіпке бағынбай, жаман әдет алып кетеді», – дейді. 
Мұсылмандардың алғашқы халифасы: «Мен бұл адам-
ды орынсыз ұрдым, мені қиямет күні Аллаһтың аза-
бынан кім құтқарады?» – дейді. Сонда Омар: «Олай 
болса, оның көңілін аулап, ырза қыл», – дейді. Осыдан 
соң Әбу Бәкір құлына керек-жарағымен қоса бір түйе, 
455
Мүнзири, әт-Тәрғиб 2/380 (2800)


437
Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі
барқыт мата және бес динар алдыртып, зекет малынан 
дәметкен адамдарға тарту етіп, ризалығын алады
456
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет