хазірет омардың әділдігі
Шаби айтады: «Омар (р.а.) мен Үбәй ибн Кағб
әлдебір мәселеде бір-бірімен келіспей қалады.
Омар: «Бұл мәселені шешу үшін қазының төрелігіне
жүгінейік», – дейді, Олар Зәйд ибн Сабитке баратын
болып келіседі. Омар: «Бізге төрелігін айтсын деп
саған келдік», – дейді. Ол кезде таласып-тартысып
қалған адамдар дауды шешу үшін қазының үйіне бара-
тын. Зәйд төрге көпшік тастап: «Ей, мүміндердің әмірі!
Мына жерге отыр», – дейді. Сонда Омар: «Сен менің
лауазымыма қарап, төрден орын беріп, әділетсіздікке
бардың. Мен қарсыласымның қасына отырамын», –
деп, Үбәй ибн Кағбпен тізе түйістіріп отырады.
Алдымен сөзді Убәй ибн Кағб бастайды. Омар
оның уәжіне қарсылық білдіреді. Ислам шариғаты
бойынша, дауласып қалғанда, қарсылық білдірген кісі-
ге ант айтқызылуы тиіс. Зәйд Убейге «Мүміндердің
басшысына бұл рәсімді орындатпай-ақ қояйық», – десе
де, Омар ант етіп, сөзін былай түйіндеді: «Омар мен
қатардағы басқа мұсылманды тең көрмейінше, кісі дау-
ын шешуге Зәйдтің хақысы жоқ. Адамдарды алалауын
қоймайынша, Зәйд ешкімнің дауын қарай алмайды»
457
.
Мешіт нәбәуи кеңейтілген кезде, Аббас пен
омар арасында болған әңгіме
Зәйд ибн Әсләм (р.а.) айтады: «Пайғам-
барымыздың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
көкесі Аббастың
456
Бәйхақи, Сүнән 8/49 (15804)
457
Бәйхақи, Сүнән 10/144 (20297)
438
Сахабалар салған сара жол
Мешіт Нәбәуидің дәл жанында бір баспанасы бола-
тын. Омар мешіттің орнын кеңейтуді жөн көреді. Осы
ниетпен Аббасқа барып: «Баспанаңды маған сат» деп
ұсыныс білдіреді. Аббас келіспейді. Омар: «Сатқың
келмесе, онда сыйла», – дейді. Аббас бұл ұсынысты да
қабылдамайды. Омар: «Олай болса, сен өзің тындыр
осы шаруаны», – дейді. Аббас (р.а.) бұған да келіспей-
ді. Омар: «Басқа амалың жоқ, сен осы ұсыныстардың
біріне міндетті түрде келісіміңді бересің», – дейді. Аб-
бас (р.а.) оған да көңіл аудармайды. Сонда Омар: «Ара-
мызда төрелік айтатын адамды өзің таңда», – дейді. Аб-
бас Убәй ибн Кағбты ұсынады. Убәй ибн Кағб Омарға:
«Оның келісімін алмайынша, оны үйінен шығара
алмайсың», – дейді. Омар: «Бұл үкімді неге сүйеніп
шығардың? Аллаһтың кітабына ма, әлде пайғамбардың
сүннетіне ме?» – деп сұрайды. Убәй ибн Кағб:
«Расулаллаһтың сүннетіне сүйендім», – дейді. Омар:
«Қай сүннетіне?» – деп нақтырақ сұрағанда, Убәй:
«Мен Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
«Дәуіттің
ұлы Сүлеймен (екеуіне де Аллаһтың рақымы жау-
сын) Бәйтул-Мақдисті салдырып жатқанда, тұрғызған
қабырғасының ертеңіне құлап жатқанын көретін. Хақ
тағала оған «Мүлік иесінің ризалығын алмастан, оның
жеріне қол сұқпа» деп уахи жібереді». Убәй осы ха-
дисті келтіргеннен кейін, Омар Аббасты өз жөніне
жібереді. Әйтсе де Аббас келісімін беріп, баспанасын
тегін-ақ бағыштайды. Мешіт осылайша кеңейтілген
болатын»
458
.
458
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 8/532 (23095)
439
Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі
Достарыңызбен бөлісу: |