444
Сахабалар салған сара жол
Қолбасшы: «Бізге өзеннің
тереңдігін білетін біреуді
табыңдар», – деп сәлем айтып жіберіпті, олар бір
қарт адамды аттандырады. Қас қылғанда күн
суытып
кетеді. Қарт адамның «Мен суықтан қорқамын» деп
тартынғанына қарамастан, қолбасшы оны мәжбүрлеп
өзенге түсіріпті. Қарт кісі суыққа шыдай алмай: «Уа,
Омар қайдасың?» – деп айқайлаған күйі тұншығып
өліпті. Омар мұны естіп, қолбасшыға Мәдинаға келуді
бұйырып, хат жазады.
Қолбасшы келуін келгенмен,
алайда Омар оған көз қиығын да салмайды. Оның біре-
уге ашуланғанда солай істейтін әдеті. Бұл бірнеше
күнге созылады. Ақыры, «Оны неге өлтірдің?» – деп
сұрайды қолбасшыдан. «Ей, мүміндердің әміршісі, оны
өлтіргім келген жоқ. Өткел таба алмаған соң,
судың
тереңдігін байқап көргіміз келді.Судан өткен соң
мынадай-мынадай жерлерді бағындырдық», –
дейді.Омар: «Мен үшін сенің жеткен жетістіктерің
мен
жеңістеріңнен
бір
мұсылманның
өмірі
әлдеқайда маңызды. Егер
әдетке айналып кетеді деп
қорықпағанымда, сенің басыңды алар едім. Қане, бар
да өлген адамның жақындарына құн төле. Бұл жерден
кет, сені енді көрмейтін болайын», – дейді
464
.
Достарыңызбен бөлісу: