Демократиялық және антидемократиялық



Дата11.05.2022
өлшемі17,71 Kb.
#142531
Байланысты:
Документ (1) (2)
Документ Microsoft Word (4), Зертханалық сабақтар Цитология және гистология биологиясы 2021

Орындаған Жылкыайдаров Арсен Бт-02

Саяси режимнің жіктелуі

Саяси режим (немесе тәртіп) қазірігі таңда жалпы екіге бөлінеді, ол демократиялық және антидемократиялық режимдер.


Демократиялық режим
«Демократия» термині алғашында грек тілінен шыққан , тура аудармасында «халық билігі» деген ежелден келе жатқан ұғым болып табылады. Демократиялық режимде халықтың құқығы мен еркіндігі орнатылып , үкіметке осы талаптардың сақталып , орындалуына тапсырылады. Мемлекеттегі мәселелер ашық түрде халықпен талқыланады. Бұл режимде мәселелер көпшіліктің даусы арқылы шешілгенімен , аз адамдардың да құқығы қорғалынады. Яғни азшылықтағы адамдар өз мүдделерін білдіру үшін партия, топ құрып оппозиция арқылы мақсаттарына жетуге құқықтары бар.
Демократиялық режимнің өзі: президенттік және парламенттік режим болып екіге бөлінеді.

Президенттік режим
Парламенттің және заңшығарушылық қызметтің орындалуына қарамастан толық билік президенттің қолында болады. Президент заңға вето салуға, заң шығаруға және үкіметті пен парламентті өзі құрып, шашыратуға құқығы бар.

Парламенттік режим
Толық заң шығарушы билік парламенттің қолында. Мемлекет басшысы монарх немесе парламент пен тағайындалған президент болса да, бұл режимде парламенттің президенті ветосын қабылдауға немесе қабылдамауға құқығы бар болады.

Антидемократиялық режим
Демократияға қарама-қарсы басқару әдістерін антидемократиялық деп атайды. Бұл әдістер саяси режимнің бұрмалануы болып табылады. Басқарудың бұл әдісімен азаматтардың еркін өмір сүруіне жол берілмейтін жағдайлар жасалып және қоғамның барлық салаларын бақылауды жүзеге асырады: экономикалық, идеологиялық, саяси, мәдени, ғылыми, білім беру, діни. Қоғамдық ұйымдар, әдетте, мемлекеттің бақылауында болады.
Антидемократиялық режим тоталитарлық және авторитарлық болып жүктеледі.

Тоталитарлық режим
Тоталитаризм – ел басшылығы адамдардың бүкіл өмір салтын біртұтас басым идеяға бағындыруға және саяси билік жүйесін осы идеяны жүзеге асыруға ықпал ететіндей ұйымдастыруға ұмтылатын саяси режимді айтамыз. Тоталитарлық режим қоғамдағы барлық демократиялық билікті жоюға ұмтылады, сондай-ақ өзіндей басқа да биліктерді (коммунистік, фашистік, авторитарлық және т.б.) басқару формаларын бәсекелес болып жоюға тырысады. Тоталитарлық режимде барлық ақпарат көздерін монополиялап, сөз бостандығын және негізгі бағытқа қайшы келетін немесе оны күмән тудыратын басқа көзқарастарды білдіру құқығын толығымен жояды. Үгіт-насихаттың (пропоганда) арқасында көпшілік билік идеяларын өз идеяларындай қабылдай бастайды.

Авторитарлық режим
Авторитарлық режимде диктатор ретінде элиталық ортадан немесе билеуші ​​элиталық топтан шыққан саясаткер болып саналады. Ол өз билігін жасанды түрде авторитетін күшейтіп, таратады. Бұл режимде үкімет халықтың қатысуынсыз мемлекетті басқару жүргізіледі. Халықтан билік өкілдеріне адалдық таныту талап етілмейді, алайда оның қоғам өміріндегі маңызды шешімдерді қабылдауға қатысуы жоққа шығарылады. Авторитетін жалған ақпарат, жалған жетістіктер арқылы қоғамда, басқа мемлекеттердін арасында оптимистік көзқараст қалыптастырып беделі күшиеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет