Этикалық категориялардың ерекшеліктері және әлеуметтік функциялары
Этиканың категориялары бip-бipiмен тығыз байланыстытықта болғаны соншалық, олар бip-бірінің, мазмұнын ашады. Яғни белгілі 6ip этикалық категориянын мазмұнын екінші 6ip этикалық категорияны пайдалану арқылы ашуға болады. Мысалы абырой категориясын жауапкершілік, тәртіптілік, батылдық, ержүректілік және т.б. категория оларды пайдалану арқылы ғана түсінуге болады. Ержүректілік категориясының мазмұны батылдық, шыдамдылық, қажырлылық, қайраттылық және т.б. категориялардың көмегімен ашылады. Әділдік категориясын адамсүюшілік, шыншылдық, кеңпейілділік, еңбексүйгештік және т.б. категорияларсыз түсіну мүмкін емес.Барлық ғылым түрлеріндегі сияқты этикада да бірқатар категориялар бар. Категориялар заңдармен, қағидалармен, əдістермен біріге отырып, кезкелген ғылымның мазмұнының негізін құрайды. “Категория” сөзінің өзі грек тілінен шыққан. Ол арқылы шынайы өмірдің маңызды жақтарын көрсететін мейлінше жалпы түсініктер сипатталады. Ол — адам танымының өзекті пунктері.
Этикалық категориялар саны жағынан өте көп, сондықтан ғылыми жəне тəжірибелік мақсаттарда оларды топтарға бөлу орын алған. Кейбір ғалымдар оларды құрылымдық жəне субстанционалдық (мəндік) деп екіге бөледі. Басқа бір ғалымдар мұндай бөлудің негізі ретінде басқа қағиданы ұсынады: белгілі бір категорияны функционалды ретінде қарастырып отырып, топтауды осы категорияның негізінде жүзеге асырады. Мысалы, Эпикур этиканың барлық категорияларын бақыт категориясына бағындырған. Аристотель ең маңызды деп игілік категориясын санаса, Кант борыш категориясына ерекше мəн берген. Алайда, қазіргі кезде де осы мəселеге қатысты нақты бір көзқарас жоқ.
Этикалық категориялардың ерекшеліктерін, түрлерін жəне мəнін қарастырудың теориялық қана емес, жалпыəдістемелік те маңызы өте зор. Оларсыз кəсібиэтикалық категорияларды талдау мүмкін емес, себебі, олар жалпы этика категорияларының нақтыландырушысы болып табылады.
Бұл категориялардың сандық ауқымы өте кең, сондықтан да, біз олардың ішіндегі ең маңыздыларына ғана тоқталамыз, себебі, құқыққорғау қызметкерлерінің қызметінде олардың алатын орны ерекше
Достарыңызбен бөлісу: |