445
Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі
ды. Ол шашын жинап алып, Омарға (р.а.) тартады. Кел-
ген бетте шашын Омардың алдына қояды. Омар мұның
мәнісін сұрайды. Келген адам болған жайтты баяндап
береді. Содан Омар Әбу Мұсаға былай деп хат жаза-
ды: «Саған сәлем бердік!
Пәленшенің ұлы пәленше
осылай да осылай деп болған жағдайды жеткізді. Саған
бұйырамын: егер бұларды халықтың көзінше істеген
болсаң, сен де халықтың алдына шығып отыр, ол се-
нен ақысын алсын. Ел көзінен таса жерде алсаң, сен де
қолыңмен істегеніңді мойныңмен көтер, сенен ақысын
алмай қоймасын!»
Әбу
Мұса хатты оқыған соң, Халифаның әміріне
мойынсұнады, бірақ әлгі адам: «Мен оны Аллаһ үшін
кешірдім», – деп кешірімін береді
465
.
Фируз әд-дәйләми мен Құрайыштық
жігіттің арасында болған оқиға
Хармауи айтады: «Омар (р.а.) Фируз әд-Дәйләмиге
былай деп хат жазады: Естуім бойынша, бал мен ақ нан
сені Аллаһ жолында соғысудан айнытыпты. Осы хат-
ты алғаннан кейін, Мәдинаға кел. Аллаһтың жолында
жиһадқа шық».
Фируз хат қолына тиісімен,
Мәдинаға жолға
шығады. Омардың (р.а.) алдына кіруге рұқсат сұрайды.
Рұқсат алып, кірмек болғанда, Құрайыштық бір жігіт
баса-көктеп, одан бұрын ішке өтуге талпынады. Фи-
руз
бұған жол бергісі келмей, оның бет-жүзінен
жұдырығымен салып қалады. Жігіт мұрны қанаған
күйі Омардың алдына кіреді. Омар: «Мұны кім істеді?»
– деп сұрайды. Жігіт: «Фируздың әрекеті», – деп жа-
уап береді. Фируз ішке өтпей,
есік сыртында тұрған
465
Бәйхақи, Сүнән 8/50 (15806)
446
Сахабалар салған сара жол
болатын. Омар оны алдында шақыртып алады да: «Фи-
руз, бұл не жағдай?» – деп сұрайды. «Ей, мүміндердің
әміршісі! Біз күні кешеге дейін билікте болып,
елдің
құрметіне бөленген адам емес пе едік? Біріншіден, сен
бұл жігітке емес, маған хат жазған болатынсың. Екін-
шіден, ішке кіру үшін оған емес, маған рұқсат берген
болатынсың. Ал ол кимелеп, менен бұрын кіріп алды.
Сондықтан да, оның мұрнын бұздым», – дейді. Омар:
«Онда саған да дәл солай қысас жасалады», – дейді.
Фируз: «Міндетті түрде ме?» – деп сұрайды. Омар:
«Міндетті түрде», – дейді. Сөйтіп, Фируз тізе бүгеді.
Жігіт есесін қайтаруға ұмтылмақ болғанда, Омар: «Ей,
жігітім, тұра тұр. Алдымен саған Аллаһ расулынан
естіген бір хадисті айтайын. Бірде Расулаллаһ: «Жалған
пайғамбарлығын жариялаған Әсуәд әл-Анси бүгін
түнде өлтірілді. Оның көзін Аллаһтың адал құлы Фируз
әд-Дәйләми құртты», – деген болатын. Пайғамбарымыз
Фирузды осылай қадірлегенін біле тұра, қысас жасағың
келе ме?» – деп сынай қарайды. Жігіт тосылып қалады.
Сәлден соң: «Оны кешірдім, олай болса», – дейді. Фи-
руз: «Уа, мүміндердің әміршісі кінә менен. Күнәмді
мойындаймын. Бұл жігіт мені ешкімнің күштеуінсіз-
ақ кешірді», – дейді. Сөйтті де Фируз: «Онда өзің куә
бол. Қылышымды, атымды және дүниемнен отыз мың
дирхам ақшамды соған сыйладым», – дейді. Омар: «Ей,
Құрайыштық бауырым! Сен оны Аллаһтан сауап күтіп
кешірген едің алайда, Аллаһ бұған қосып дүние-мүлкін
де қоса берді», – дейді
466
.
466
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 13/537 (37474)