457
Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі
мін. Сауабымның да, күнәмнің де
болғанын қаламас
едім!» – деді
484
.
Басқа бір риуаят бойынша, Омар (р.а.) Ибн Аббасқа:
«Маған жұмақты сүйіншілеуіңе келетін болсақ, өзінен
басқа ғибадат етуге лайық илаһ болмаған Аллаһқа ант
етемін, күллі дүние уысымда тұрса да, алдымдағы
тозақтан құтылу үшін барлығынан ойланбай бас тартар
едім. Мүміндерді басқаруды жауапкершілігіме алуыма
қатысты сөздеріңе келсек, менің пайдама да, зияныма да
шешілмесін, маған сол жетеді», –
деп жауап береді
485
.
Тағы бір риуаят бойынша, Омар (р.а.)
қасындағыларға: «Мені отырғызыңдар», – дейді. Оны
сүйемелдеп отырғызғаннан кейін Ибн Аббасқа: «Жаңа
айтқандарыңды қайталашы», – дейді. Ол
Омардың
бұл тілегін орындайды. Омар: «Ибн Аббас, махшар-
да Аллаһтың алдына барғанда, осылайша мені жақтап
куәгер боласың ба?» – деп сұрайды. Ибн Аббас: «Иә»,
– дейді. Омар Ибн Аббастың
бұл жауабына балаша
қуанады
486
.
Мүміндердің әмірінің сыналудан қорқуы
керек пе?
Саид ибн Йәзид айтады: «Біреу Омардан (р.а.):
«Ел басқарып, менің атыма айтылған сындарға Аллаһ
үшін төзуді таңдайын ба, әлде халықтан аулақ болып,
ғибадатқа берілуді таңдайын ба?» – деп сұрайды. Омар:
«Мұсылмандардың қандайда бір ісін өз мойнына алған
адам Аллаһ үшін сынақтан қорықпауы керек, басшылық
қызмет атқармаған мұсылман өз ісімен айналысуы ке-
484
Әбу Нуайм, Хилия 1/52
485
Ибн Сағыд, әт-Табақатул-кубра 3/353
486
Ибн Сағыд, әт-Табақатул-кубра 3/354
458
Сахабалар салған сара жол
рек, ел билеген басшыға әрдайым ақиқатты айтуы ке-
рек», – дейді
487
.
Достарыңызбен бөлісу: