Али мен арабтық әйелдің арасында болған
әңгіме
Иса ибн Абдуллаһ әл-Хашими былай деген екен:
475
Бәйхақи, Сүнән 5/205 (9782)
476
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 5/940 (14347)
453
Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі
«Алидің алдына жағдайын айтып, екі әйел ба-
рады, оның бірі – араб, екіншісі – соның азат күңі
(қызметшісі) еді. Али ол екеуіне екі бөлек алпыс
өлшем бидайдан және қырық дирхамнан ақша беруді
бұйырады. Қызметшісі өзіне берілгенін алып жөніне
кеткеннен кейін екіншісі: «Ей, мүміндердің әміршісі,
маған қызметшіме бергендей ғана бересің бе? Мен
араб әйелімін, ал ол – менің қызметшім», – дейді. Али
(р.а.) оған: «Мен Аллаһтың кітабы Құранды зерттедім,
алайда Исмаил пайғамбардың тегінен шыққандардың
Ысхақ пайғамбардың әулетінен тарағандардан жоғары
тұратыны туралы үкімді кездестірмедім» (Аллаһтың
алдында араб пен араб емес екеуі де тең), – деп жауап
береді
477
.
Алидің (р.а.) досына да, дұшпанына да
теңдей қарауы
Али ибн Рәбиа айтады: «Жада ибн Һубәйра Алиге
(р.а.) «Ей, мүміндердің әміршісі! Саған сені өз жанынан
да, малынан да, отбасынан артық жақсы көретін біреу
келеді, сонымен қатар, қолынан келсе, сені өлтіруге
дайын тұрған екінші бір адам да келеді. Сен өзіңе
тісін қайраған адамға емес, сені төбесіне көтеруге бар
адамға қарсы үкім шығарасың?» – дейді. Али Жаданың
кеудесінен түйіп қалады: «Егер сезіміме ерік беріп,
бәлкім, сенің айтқаныңдай, өзіме шын берілген адамды
жақтайтын болсам, Аллаһқа тән ақиқатты бұрмалаған
болып шығамын», – дейді
478
.
477
Бәйхақи, Сүнән 6/349 (12769)
478
Ибн Асакир, Тарихи Димашқ 42/488
454
Сахабалар салған сара жол
Достарыңызбен бөлісу: |