Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


омардың Сағыд ибн Әбу уаққасқа айтқан



Pdf көрінісі
бет220/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

омардың Сағыд ибн Әбу уаққасқа айтқан 
ғибраты
Мұхаммед ибн Талха айтады: «Омар (р.а.) Сағыд 
ибн Әбу Уаққасты (р.а.) Ирак шегара аймағындағы 
әскердің қолбасшылығына тағайындап, оған былай 
дейді: «Ей, Сағыд, ей, Ухәйбұлдарының Сағды! Аллаһ 
расулының нағашы ағасымын және Расулаллаһтың 
497
Табари, Тарих 2/355


466
Сахабалар салған сара жол
сахабасымын деп, абайсызда артық кетіп, шек-
тен шықпа. Хақ тағала жамандықты жамандықпен 
өшірмейді, күнәларды тек жақсылықтармен жо-
яды. Аллаһ пен құлдарының арасындағы жақындық 
– адамның тегі мен затында емес, Оның әміріне 
бағынуда. Аллаһ үшін тектілер мен әлсіздер тең. 
Аллаһ – барлығының Раббы, бәрі де Оның құлы. Аллаһ 
алдындағы адамның артықшылығы – тақуалығында. 
Адамдар Аллаһ алдындағы ұлы мәртебелерге тек 
өздерінің тақуалықтарымен ғана жете алады. Екі әлем 
Сардарының 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
пайғамбар ретінде жі-
берілген күнінен бастап арамыздан кеткен кезге дейінгі 
өмірін көрдің. Бұған да үлкен мән беруің керек. Соның 
өсиет-өнегесіне сай әрекет ет, қысқаша айтқанда, саған 
айтарым осылар. Егер осы сөзіме құлақ аспасаң, сенің 
күллі арман-әрекетің желге ұшқан дәннің кеуегі болып 
қалады».
Омар Сағыд ибн Әбу Уаққасты шығарып салып 
тұрып былай дейді: «Сені Ирак аймағындағы мұсылман 
әскеріне қолбасшы етіп тағайындадым, айтқандарымды 
есіңде ұста. Жауапкершілігі зор қызметке кетіп 
барасың. Жетістікке жетуің тек сенің әділетті әрекет 
жасауыңа байланысты. Өзіңді де, қасыңдағыларды да 
жақсылыққа баста, игілікті істі ғана қолға ал. Әрбір 
іске үлкен дайындықпен кіріс. Әр істің қайырлы бо-
луы сабыр сақтап, мұқият дайындалуда жатыр. Басыңа 
келген қиындықтарға мойыма өйткені, сабырдан басқа 
шараң жоқ. Сабыр саған өзімен бірге Аллаһқа деген 
құрметті тудырады. Аллаһқа құрмет білдірудің екі 
белгісі: Аллаһқа мойынсұну және Оған қарсы келу-
ден сақтану. Аллаһқа мойынсұнғандар дүниені шын 
жүректен тәрк етіп, ақыретке бет алады. Ал Оған қарсы 


467
Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі
келгендер – дүниені жақсы көріп, ақыреттен жире-
нетін адамдар. Өзіңді халық сүйетін болсын. Өйткені, 
пайғамбарлардың өзі Аллаһтан өздерін адамдардың 
сүйгенін тілеген. Аллаһ назары түсіп жақсы көрген 
құлын айналасындағыларға қадірлі, былайғы жұртқа 
сүйкімді етіп қояды, ал хош көрмеген құлын өзіңмен 
сүйкімсіз етіп көрсетеді. Олай болса, Аллаһ алдындағы 
қадіріңді өзіңмен бірге қоян-қолтық жұмыс істейтін 
адамдардың саған деген көзқарасына қарап түсінуге 
тырыс!»
498


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет