Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


 хАлиФАлАР МЕн бАСшылАРдың



Pdf көрінісі
бет228/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

21. хАлиФАлАР МЕн бАСшылАРдың 
ТұРМыС-ТІРшІлІгІ
Әбу Бәкір (р.а.), Айша (р.а.), Ибн Мусәйяб (р.а.) 
және басқалар айтады: «Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи 
уә сәлләм)
қайтыс болған һижри 11-жылдың рабиуләууәл 
айының он екісіне тап келген дүйсенбі күні Әбу 
Бәкірге (р.а.) серт берілген болатын. Әбу Бәкірдің 
үйі Мәдинаның Ауали деген аудандарының бірінде, 
Сүнхте еді. Әбу Бәкір әйелі Хабибамен бірге тұратын. 
Оған Сүнхте қыл шатырдан қоржын там салдырған 
еді. Мәдинаға қоныс аударғанға дейін сонда тұрды. 
Халифалық қызметке келгеннен кейін де алты ай бойы 
сол жерден табан аудармады. Күнде таңертеңгісін ер-
телетіп жолға шығып, Мәдинаға жаяу баратын. Кейде 
атқа қонатын, жұпыны киінетін. Мәдинада жамағатқа 
намаздарын оқытатын. Құптанды оқытқаннан кейін, 
Сүнхтегі үйіне, отбасына кері қайтатын. Өзі жоқта 
Омар (р.а.) имам болатын. Жұма күндері таңсәріге 
дейін Сүнхте болып, үсті-басын ретке келтіріп, жақын 
маңдағы қалаға барып, жұма намазын оқытатын.
Әбу Бәкір (р.а.) саудагер болатын. Күнде ба-
зарда сауда жасайтын. Бір отар қойын кейде өзі, кей-
де басқалар өріске шығаратын. Өзінікімен бірге сол 
жердегілердің де қойларын сауатын. Халифалық 
қызметке тағайындалғаннан кейін былайғы жұрттың 
510
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 13/199 (36666)


479
Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі
оған бағынуға қатысты серт беруі кезінде бір қыз: «Енді 
қойларымызды кім сауады?» – деп қалады. Әбу Бәкір: 
«Ант етемін, сендер үшін бұл әдетімді тастамаймын. 
Қызметім қолбайлау болады деп қорықпаймын», – дей-
ді. Шынында да, Әбу Бәкір халифа болғаннан кейін де, 
сол аймақтың қойларын сауып жүрді. Тіпті кейде сол 
қызға: «Көпіртіп сауайын ба, әлде жайлап сауайын ба?» 
– дейтін. Қыз: «Көпіртіп сау», – дейтін. Әбу Бәкір сол 
қыздың айтқанын істейтін.
Әбу Бәкір (р.а.) халифалық қызметке кіріскен-
нен кейін, мүлдем мұрнына су жетпейтін болды. Әбу 
Бәкір Сүнхтегі үйінде алты ай тұрғаннан кейін, қала 
орталығына көшті. Әр сәті еңбекпен, елге қолғабыс ету-
мен өтетін, «Уаллаһи, саудамды тастайтын шығармын, 
өйткені ел басқаруыма кедергі болатын түрі бар. Елдің 
мүддесіне көбірек уақыт бөлуім керек екен», – дей-
ді. Сөйтіп, Әбу Бәкірдің және отбасының күнделікті 
шығыны мен қажылық пен ұмраға жұмсауы үшін оған 
мемлекет қазынасынан жылына алты мың дирхам ақы 
тағайындалды.
Фәниден бақиға көшерінде: «Біздегі мұсыл-
мандардың заттарын түгел иелеріне қайтарыңдар. Мен-
де олардың бір сабақ жібі де қалмасын. Осы уақытқа 
дейін мемлекеттік қазынадан алған жалақыларымның 
қайтарымы ретінде жеке меншігімдегі пәлен-түген жер-
лерді қалдырмақпын. Ол жерлер енді мұсылмандардың 
ортақ меншігіне қабылдансын», – деп кетті. Оның 
атындағы жер, сүтті түйесі, жалғыз құлы және бес 
дирхамдық барқыт мата Омарға (р.а.) тапсырылды. 
Бұған куә болған Омар ол жайлы «Өзінен кейінгіге 
қиын соғатын өнеге қалдырды» деген
511

511
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 5/840 (14077)


480
Сахабалар салған сара жол


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет