хумус әкімі умәйр ибн Сағыдтың тұрмысы
Омар (р.а.) Умәйр ибн Сағыд әл-Ансариді Хумусқа
әкім етіп тағайындағанына бір жылдай уақыт өтсе
де, одан бірде-бір хабар келмеген соң, хатшысы-
на: «Умәйрге дереу хат жаз, ол біздің сыртымыздан
опасыздық жасады-ау деп ойлаймын», – дейді. Хат-
та былай жазылған: «Осы хат қолыңа тие салысымен
маған құстай ұшып жет. Осыған дейін мұсылмандардан
жинаған салықтарыңды да өзіңмен бірге ала кел».
Умәйр (р.а.) хатты алған соң, бірден жолға жинала-
ды. Жол азығын арқасына таңып, құтысын беліне бай-
лайды, қолына таяғын ұстап, Хумустан Мәдинаға жаяу
тартады. Шаһарға жеткенде, иығы қуышып, реңі со-
лып, көзі шүңірейіп, бет-аузын шаң басып, шашы өсіп
кеткен еді. Осы түрімен Омардың (р.а.) алдына кіріп
барады.
– Сәлем бердік, ей, мүміндердің әміршісі! Саған
Аллаһтың берекесі мен рақымы жаусын!
– Мына түріңе не болған? – деп аң-таң қалады
Омар (р.а.).
– Маған не болыпты? Денім сау, қаным таза, қу
дүниені бұйдалап, артымнан сүйреп келемін.
– Қандай дүниең бар?
– Азық ыдысым салынған қапшығым бар. Осы
тостағаннан ас-ауқат ішіп, әрі басымды, киімімді де
осымен жуамын. Ауыз суыма әрі, дәрет алатын суға
арналған бір құтым бар. Сонымен қатар, жүргенде
сүйенішім, қорғанғанда қаруым-таяғым бар. Уаллаһи,
менің бар дүнием осылар. Омар:
– Жаяу келдің бе?
– Иә.
481
Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі
– Ызғындай елдің арасынан саған мінетін бір көлік
беретін ешкімнің табылмағаны ма?
– Олар өздері біліп бермеген соң, мен де
сұрамадым.
– Олар қандай нашар мұсылмандар, – дейді шорт
кетіп. Енді Умәйр ашуға басады.
– Ей, Омар! Аллаһтан қорық! Аллаһ мұсылмандарды
ғайбаттауды харам еткен. Мен олардың бамдат нама-
зын оқығанына куә болдым.
– Мен сені қызметке не үшін тағайындадым? Сен
ол жерде не бітірдің?
– Ей, мүміндердің әміршісі, мұны неге сұрадың?
– Субханаллаһ! – деп еріксіз таңданады.
– Сені ренжітіп аламын ба деп қорықпағанда, саған
еш нәрсе де айтпас едім. Мен бара салып, салық жинай-
тын адамдарды белгіледім. Сосын қажетті нәрселерге
жұмсап, жаратып отырдық, жиналған салықтарды,
әрине, саған әкелер едім.
– Ортақ қазынаға ештеңе әкелмедің бе?
– Жоқ, – деп жауап береді. Омар аз-кем ойланып,
хатшыларына:
– Умәйрдің тағайындалу бұйрығын жаңартыңдар,
– дейді. Сонда Умәйр былай дейді:
– Басшылық мен қалаған, әрі менің қолымнан ке-
летін қызмет емес. Бұл міндетті енді сен үшін де, се-
нен кейін келетіндер үшін де атқармаймын! Ақыретте
азапқа ұшырамауым өте қиын, тіпті мүмкін емес деуге
болады, – дейді аһ ұра. Мен бірде ашуыма ерік беріп,
әлдебір христианға: «Аллаһ сені масқара етсін», – де-
дім. Умәйр (р.а.) бұл сөзімен сол христианның көңіліне
қаяу салған өзінің бұл әрекетіне деген ренішін білдіреді.
Өйткені Расулаллаһ
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
мұсылман елі-
482
Сахабалар салған сара жол
не аманатқа берілген христиандарды азаптауға тыйым
салған. Умәйр сөзін былай аяқтайды:
– Ей, Омар! Оған себеп болған сенсің. Ей,
Омар! Менің ең бақытсыз күндерім – шаһид болған
қандыкөйлек жолдастарымның артынан кетпей, сенің
тапсырған қызметіңмен өткізген күндерім! Содан соң
Умәйр рұқсат сұрап, Мәдинадан едәуір қашық жерде
орналасқан үйіне қайтады.
Омар (р.а.) әлі де сеніңкіремей: «Ол опасыздық
жасап, көлгірсуі мүмкін», – деп, Харис деген нөкеріне
жүз динар беріп тұрып: «Умәйрдің үйіне қонақ секіл-
ді болып бар. Тұрмысы жақсы екенін көрсең, ақшаны
қайтып әкел, егер жұпыны өмір сүретініне көзің жетсе,
ақшаны соған бер», – дейді. Харис Халифа жұмсаған
жерге келгенде, үйінің іргесінде көйлегін бит–бүргеден
тазалап отырған Умәйрді көреді. Харис сәлем береді.
Умәйр:
– Аллаһтың рақымы жаусын, кел, жақында, қайдан
келесің? – деп сұрайды.
– Мәдинадан.
– Мүміндердің әміршісінің халі қалай?
– Жақсы.
– Мұсылмандардың ше?
– Олар да жақсы.
– Мүміндердің әміршісі жазаларды қолданып жа-
тыр ма?
– Иә.
Сонда Умәйр: «Я, Раббым! Омарды қорғап-қолда!
Мен оның саған асық екенін білемін», – дейді. Харис
Умәйрдің қасында болған үш күннің ішінде Умәйр
мен оның отбасы күніне тек бір арпа нанын ғана азық
ететінін білді. Оның өзін қонағына ұсынып, өзі мен
483
Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі
отбасы аш қалатын. Аштықтан бұратылып қиналған
Умәйр Хариске: «Бізді аш қалдырдың, кел демек бар
да кет демек жоқ», – дейді. Харис динарды Умәйрге
ұсынады: «Мұны саған мүміндердің әміршісі Омар
беріп жіберді, қажетіңе қолданарсың», – дейді. Умәйр
азар да безер болып: «Маған қажет емес», – деп ақшаны
алмайды. «Беріп тұрғанда алсаңшы, қажет болса
жұмсарсың, әйтпесе садақа етіп берерсің», – десе де,
Умәйр: «Уаллаһи, оны салатын ыдысым да жоқ қой», –
деп әйелінің де айтқанына көнбейді. Амал жоқ, зайыбы
ақшаны буып-түюі үшін көйлегінің етегінен жыртып
береді. Ол ақшаны шейіт болғандар мен кедейлердің
балаларына таратып береді.
Омар (р.а.) Харистен Умәйр (р.а.) туралы сұрайды.
«Оның тұрмысы нашар», – дейді Харис. Омар: «Бер-
ген ақшамды не істеді?» – деп сұрайды. «Білмеймін»,
– дейді Харис. Омар Умәйрге: «Осы хатымды ала сала
дереу жолға шық», – деп тағы шақыртып алады. Омар:
«Динарды қайда жараттың?» – деп сұрайды. Умәйр:
«Не істесем де істедім ғой, оны неге сұрайсың?» – дей-
ді Омар: «Аллаһ үшін айтшы, оны қайда жұмсадың?»
– деп тақымдап қоймайды. Умәйр: «Оны өзім үшін
ақырет азығы болсын деп, садақа етіп тараттым»,
– дейді. Омар: «Аллаһ жақсылығын берсін», – деп
Умәйрге бір түйеге жүк болатындай бидай, екі қабат
киім берілуін бұйырады. Умәйр: «Азыққа мұқтаж емес-
пін. Өйткені осында келерде үйде азын-аулақ арпа бар
болатын, оларды тауысып бітіргенше, Аллаһ ризық
береді», – деп бидайдан бас тартады. «Киімге келетін
болсақ, пәленшенің анасының иіні жүдеу, соған апарып
берейін», – дейді. Осыдан кейін ол көп өмір сүрмейді.
484
Сахабалар салған сара жол
Омар (р.а.) Умәйрдің (р.а.) қайтыс болғанын есті-
генде, қабырғасы сөгіле қайғырады. Оған Аллаһтан
рақым тілейді, ол үшін дұға етеді. Жолдастарымен бірге
оны мазаратына ақтық сапарына шығарып салады. Бір
кезде қасындағыларға: «Барлығың бір тілек тілеңдер»,
– дейді. Олардың бірі: «Я, мүміндердің әміршісі!
Дүние мүлкім болып, Аллаһ разылығы үшін құл азат
етсем екен, қалайтыным осы», – дейді. Тағы бірі: «Ей,
мүміндердің әміршісі! Байлығым болып, Аллаһ жолын-
да біреуді тойдырсам», – дейді. Басқа біреуі: «Күшті
болып, зәмзәм құдығынан қауға тартып, Бәйтуллаһты
зиярат еткен қажыларға су таратсам», – дейді. Омар:
«Әттең, Умәйр ибн Сағыд сияқты сенімді адамым
болғанда ғой, қандайда бір мәселе туындағанда, соның
көмегіне сүйенер едім», – дейді
512
.
Достарыңызбен бөлісу: |