474
Сахабалар салған сара жол
дәптері» қай жағыңнан берілетінін ойла. Осыдан кейін
барып шешім қабылда»
507
.
20. хАлыҚТың Ел бАСшыСынА
нАСихАТы
Саид ибн Амирдің омарға насихаты
Мәкхул айтады: Аллаһ расулының сахабалары-
нан Саид ибн Амир ибн Хузайм Әл–Жумәхи (р.а.)
бір күні Омарға (р.а.): «Уа, Омар, саған мынадай на-
сихат айтқым келеді», – дейді. Омар: «Құлағым сенде,
айт», – дейді. Саид ибн Амир: «Адамдардың құқығын
қорғау мәселесінде Аллаһтан қорқып, Аллаһтың
құқығын орындауда халықтан ықпа. Сөзің мен ісің сай
болсын. Өйткені сөздің
қайырлысы іспен расталғаны
болып табылады. Қандай істі қолға алсаң да, екі
сөйлеме! Әйтпесе, ісің теріс бағыт алып,
ақиқаттан,
әділдіктен айырыласың. Басы ашық мәселелерде оң
шешім қабылдасаң,
жетістікке жетесің, Аллаһ саған
көмек береді, халқыңды да сен арқылы тура жолға
салады. Аллаһтың қалауымен
өзің басқарған барша
мұсылмандарға бірдей қара. Бәріне теңдей қара, өзің
мен отбасың үшін не тілесең, олар үшін де соны тіле.
Ақиқатқа апаратын жолдағы түрлі қиындықтарға шы-
дай біл. Аллаһ жолында жүргенде сынаушының және
өсектеушінің сөзінен қаймықпа!» – деді.
Омар: «Сенің осы айтқандарыңа кімнің шамасы
жетеді?» – деп сұрайды. Саид ибн Амир: «Сен сияқты
адамның! Аллаһ
Мұхаммедтің
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
үмбетінің басшылығына әкелген, өзі мен Аллаһ арасы-
507
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 13/160 (36554)
475
Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі
на ешкім кірмеген сен сияқты адам бұған қол жеткізе
алады», – деді нық сеніммен дем бере сөйлеп
508
.
Достарыңызбен бөлісу: