Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи



Pdf көрінісі
бет224/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

осы туралы басқа риуаят 
Әбу Һұрайра (р.а.) былай дейді: «Көтерілісшілер 
Османның (р.а.) үйін қоршауға алған кезде, мен де 
Османның қасында болатынмын. Арамыздағы біре-
уімізге оқ тиді. «Уа, мүміндердің әміршісі! Енді бізге 
соғысудан басқа жол қалмады. Өйткені олар біздің бір 
адамымызды өлтірді», – дедім. Осман: «Бері қара, Әбу 
һұрайра, саған қатаң ескертемін, қылышыңды таста. 
Олар мені өлтіруді қалайды. Мен өзімді құрбан етіп, 
мұсылмандарды келеңсіздіктен қорғағым келеді», – 
деді. Мен қаруымды тастадым, оның қайда екенін, 
кімнің алғанын білмеймін»
505
.
 Алидің әкімдер мен қолбасшыларға 
айтқан ақылы
Муажир әл-Амири айтады: «Али (р.а.) әкімдерінің 
біріне былайша хат жазады: «Есігің әрдайым халыққа 
504
Мұхаммед ибн Рыза, Осман ибн Афуан 1/188
505
Саид ибн Мансур, Сүнән 2/334 (2936)


473
Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі
айқара ашық болсын. Өйткені басшылар халықпен 
қатынасын үзсе, өзіне де, халыққа да қиын тиеді. 
Халықтың тыныс-тіршілігін, мұң-мұқтажын білу үшін 
онымен тонның ішкі бауындай етене араласуы керек. 
Басшысы бойын аулақ салған халық жақсыны жаманнан 
айыра алмайды, үлкенді кіші, кішіні үлкен сыйламайды, 
нәтижесінде, әлеуметтік шиеленіс пайда болады. Бас-
шы да адам, ол халықтың өзінен жасырған қыр–сырын 
біле бермейді. Айтылған сөздің шындығы қайсы, өтірігі 
қайсы, арасын ашып, ажыратып көрсететін құдірет жоқ 
адамда. Сол себепті ол шындыққа қалай көз жеткізе 
алсын, шындықты ту етіп, құқығын қалай қорғай ал-
сын! Менің не дегім келіп отырғанын өзің де аңғарған 
шығарсың: сен осы екуінің бірін таңдауға мәжбүрсің: Не 
өз ісіңе мұқият болып, халықпен қоян-қолтық араласты, 
олардың мүддесін көздейсің, не болмаса салғырттыққа 
салынып, сақтықты ұмытып, теріс әрекеттің сазайын 
тартасың. Бұл жағдайда халық сенен тез алшақтайды, 
сенен үміт жоғын біліп, саған мұң-мұқтажын айтуға 
батылы бармайды. Менің осы айтқандарымды міндетті 
түрде пайдаңа асыр. Несібеңе не бұйырса да, сонымен 
шектеліп қанағат ет»
506
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет