473
Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі
айқара ашық болсын.
Өйткені басшылар халықпен
қатынасын үзсе, өзіне де, халыққа да қиын тиеді.
Халықтың тыныс-тіршілігін, мұң-мұқтажын білу үшін
онымен тонның ішкі бауындай етене араласуы керек.
Басшысы бойын аулақ салған халық жақсыны жаманнан
айыра алмайды, үлкенді кіші, кішіні үлкен сыйламайды,
нәтижесінде, әлеуметтік шиеленіс пайда болады. Бас-
шы да адам, ол халықтың өзінен жасырған қыр–сырын
біле бермейді. Айтылған сөздің шындығы қайсы, өтірігі
қайсы, арасын ашып, ажыратып көрсететін құдірет жоқ
адамда. Сол себепті ол шындыққа қалай көз жеткізе
алсын,
шындықты ту етіп, құқығын қалай қорғай ал-
сын! Менің не дегім келіп отырғанын өзің де аңғарған
шығарсың: сен осы екуінің бірін таңдауға мәжбүрсің: Не
өз ісіңе мұқият болып, халықпен қоян-қолтық араласты,
олардың мүддесін көздейсің, не болмаса салғырттыққа
салынып, сақтықты ұмытып,
теріс әрекеттің сазайын
тартасың. Бұл жағдайда халық сенен тез алшақтайды,
сенен үміт жоғын біліп, саған мұң-мұқтажын айтуға
батылы бармайды. Менің осы айтқандарымды міндетті
түрде пайдаңа асыр. Несібеңе не бұйырса да, сонымен
шектеліп қанағат ет»
506
.
Достарыңызбен бөлісу: