Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Әбу убайда ибн Жәррахтың қайтыс болар-



Pdf көрінісі
бет227/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

Әбу убайда ибн Жәррахтың қайтыс болар-
да айтқан өсиеті
Саид ибн Мүсәйяб (р.а.) айтады: «Әбу Убайда 
(р.а.) Йорданияда оба ауруына шалдығады. Бір күні 
сол жердегі мұсылмандарды шақырып, оларға былай 
дейді: «Сендерге айтатын насихатым бар. Осы насиха-
тыма ден қойсаңдар, әрдайым берекелі және бақытты 
өмір сүресіңдер. Намазды дұрыс оқыңдар. Рамазан ора-
засын ұстаңдар. Зекет беріңдер, қажылыққа барыңдар, 
ұмра жасаңдар. Бір-бірлеріңе тек қана жақсылықты 
насихаттаңдар. Басшыларыңа өнегелі сөздер айтыңдар, 
олардан еш нәрсені жасырмаңдар. Дүниеқұмарлық сен-
дерге бәле болып жабыспасын. Адам мың жыл өмір сүрсе 
де, оның тағдыры обадан қырылған мына адамдардың 
тағдырынан айрықша болмайды. Аллаһ адам баласына 
өлімді жазған, ешкім өлімнен қашып құтыла алмайды. 
Сондықтан да олардың ең ақылдылары – Раббыға ең 
қалтқысыз берілгендер және ақырет үшін ең көп күш 
салғандар. Сендерге Аллаһтың рақымы мен сәлемі 
жаусын. Муаз ибн Жәбәл! Халыққа намазды сен 
оқыт, имам бол!»
Әбу Убайданың (р.а.) демі үзілген соң, Муаз (р.а.) 
былай деді: «Ей, адамдар! Күнәларыңа тәубе етіңдер. 
Құл күнәларына тәубе жасап, Аллаһтың алдына барса, 
Хақ тағала оны міндетті түрде кешіреді. Кімнің қарызы 
бар болса, ертең мойнына оратылмай тұрғанда, төлеп 
құтылсын. Өйткені құл мына өмірде қарызын өтей ал-
май кетсе, ақыретте жағдайы қиындайды. Араларыңда 
араз адамдар бар болса, татулассын. Өйткені, мұсылман 
адамның үш күннен артық араз болып жүруін дініміз 
құп көрмейді. 


478
Сахабалар салған сара жол
Ей, мұсылмандар! Сендер сондай бір адамның 
өліміне күйзеліп отырсыңдар, мен одан асқан жүрегі 
таза, иманы берік, мұсылмандарды одан артық жақсы 
көретін адам бар деп ойламаймын. Оған Аллаһтан 
рақым тілеңдер. Қане, намаз оқуға дайындалыңдар»
510
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет