470
Сахабалар салған сара жол
сенің отбасың тұрмыс-тіршілігіңмен басқалардан ере-
кшеленеді екенсіңдер. Басқа мұсылмандардан жайлы
өмір сүретін көрінесіңдер.
Ей, Аллаһтың құлы! Сені шөбі шүйгін жерге жайы-
лып, семіруден басқа ойы жоқ, семірген соң сойыла-
тын малдың күйіне енуден сақтандырамын. Біліп қой,
басшылар ақиқаттан адасқанда, халық та тура жол-
дан алыстайды. Адамдардың ең бақытсызы – халқын
жоқшылыққа сүйреген басшы»
501
.
Даххактың риуаяты бойынша, Омар (р.а.) Әбу
Мұса әл-Әшғариға (р.а.) былай деп хат жазады:
«Адамның табысқа жетуі оның бүгінгі істі ертеңге
қалдырмауына байланысты. Егер жұмыстарыңды дер
кезінде орындамасаңдар, олардың қайсысынан бас-
тауды білмей, әрі-сәрі күй кешіп, бәрін шатастырып
бітесіңдер. Егер сендердің араларыңнан кімде-кім
дүние мен ақыретке қатысты мәселеге кез болсаңдар,
ақыретте өздеріңе септігі тиетін істі таңдаңдар. Өйткені
дүние өткінші, ал ақырет мәңгі. Аллаһты құрметтеңдер,
Оның кітабын үйреніңдер. Өйткені ол – ғылымдардың
қайнар көзі»
502
.
Достарыңызбен бөлісу: