Тәрбие сағаты
Тақырыбы «Ана-біздің күніміз»
Мақсаты Дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімінен таралатынын ұғындыру, анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Аналардың өмірін, еңбек жолдарындағы кездескен қиындықтарды тыңдата отырып, оқушыларды еңбексүйгіштікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі суреттер , нақыл сөздер, шарлар , гүлдер
Мұғалім сөзі
Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! 8- наурыз аналар мерекесіне орай 5 сынып оқушылары ұйымдастырып отырған «Ана- біздің күніміз»-атты кездесу кешімізге қош келдіңіздер!.
Келесі сөз кезегі оқушыларда
1 жүргізуші Армысыздар қымбатты аналар, аяулы ұстаздар, көктемгі жауқазындай құлпырған әсем де , сұлу қыздар! Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 8-наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз. Әлемде күн біреу, әлемде ана біреу демекші «Ана-біздің күніміз» атты кездесу кешімізге қош келдіңіздер!
2 жүргізуші Күн жер бетіне молынан шуағын шашып , тіршілік ояна бастаған кезде,Аналар мерекесі тойланады. Ана....не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді. Осынау 3 әріптен құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңші. Сезім мен қасиеті бар махаббат пен шапағатты сыйдырып тұрған ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен бұл өмірде.
1 жүргізуші Ия Жақсылық атаулының барлығы да ана сүтінен жаралған ғой. Олай болса кешімізді тамаша әнмен бастайық.
Хор: ...........................................................................
1 жүргізуші Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Қымбатты жан аналар.
2 жүргізуші Құрметтейік о адамдар аналарды
Бізді өмірге әкелген даналарды
Себебі ана деген асыл жан ғой
Ойлауменен істелік әр қадамды.
1 оқушы Көктем күні көрікті,
Анель Күн шұғыла төгіпті.
СОл көктемде мереке
Дүниеге келіпті
Көктем күні қуатты
Шашты әлемге шуақты
Наурыз өзі өмірді
Нұрландырған сияқты
2 оқушы Наурыз келді
Тимур Анажан серпіліңіз
Шуақтанып,
Шаттанып желпініңіз
Кеудеңізде керемет оттар жатыр
Сізден жылу әлемін күткеніміз.
2 жүргізуші: Иә Ана есімін ауызға алмайтын адам баласы жоққа тән.
Бұл есім жер шарындағы күллі адамзатқа тиесілі.
1 жүргізуші Ендеше адамды дүниеге әкелетін де, өмір сыйлайтын да ана емес пе? Сол құдірет иесінің алдында бәріміз де бас
июге тиіспіз.
Хормен: «Ақ сүтінен жаралған,
Ақ сүтінен нәр алған.
Анаға біз бас иеміз.
оқушы Айсұлу Біз мәңгілік сіздерге, аналар, борыштармыз дегім келеді. Сіздерге балалық жүректен мың да бір алғыс. Мерекелеріңіз құтты болсын!
2 жүргізуші Елбасы Н.Ә. Назарбаев былай деген екен. «Шығыс халықтарының арасында жалпы мұсылман әлемінде әйел затын ерекше бағалайтын, қарындасты қадірлейтін халықтың бірі де бірегейі де біздің қазақ» бүгінгі айтылатын ақ тілек, жылы сөз, шырқалатын ән, сіздерге арналмақ.
Хор: ......................................................................................
4 оқушы Ананың қоғам өміріндегі алатын орны үлкен
Жаңыл Ана-перзент тәрбиелеуші
Ана- қызыметкер
Ана-ғалым
Ана- ғарышкер
Ана- зейнеткер
1жүргізуші Міне сондықтан да болар әркім өз анасы жөнінде
толғанады, ойланады, сағынады. Аналардың құрметіне
Ән «Асыл әжем»
5 оқушы Сіздерге арналады бүгінгі ұлы ісіміз
Нұржан Ардақтайтын мақтанатын кезіміз
Тәрбиелі ұл-қыздарды өсірген
Ұлы Ұстаз –ана мына отырған өзіңіз
6 оқушы Сан мың шәкірт өзіңнен тәлім алды
Марлен Аяулы Ұстаз-ана,ісіңнің бәрі ұнамды.
Әр күн сайын атыңды қайталаймын
Еске алғандай таң сайын әнұранды
Ән «Ұстазым»
2 жүргізуші Иә Ана- адамзат мекен ететін жер шарының әр
түпкірінде, әр үйінде мейір мен мерейдің , достық пен
туыстықтың туын тіккен адам
Ана деген адамаға Атамекен
Әр адам анаменен адам екен
Бір өзіңе көрсеткен жақсылығым
Бір күнгі тәтті ұйқыдан садаға екен демекші
Ән «Анашым»
1 жүргізуші «Балалық шақ-бақытты шақ» әңгіме
Анамның қолдары
Менің анам қолдарының бірімен май шайқайды.
Келесісімен әкемнің жейдесін жамайды.
Біреуімен құшағында діни кітабымызды ұстайды
Келесі қолымен тамақ пісіреді
Келесі қолымен менің шашымды өріп береді
Келесі қолымен
Тоқта , тоқта
Сонда қалай келесісімен, келесісімен
Сенің анаң қырық аяқ па?
Соншама қол адамда бола ма?
Бұл әлде бос сөз бе?
Жо- Жоқ бұл бос сөз емес
Екі қолы әкем үшін
Және алты баласы бар, әрқайсысы үшін есептесең он екі болады
Ас үй, Қора, Бақша үшін де
Екі қолдан алты қол болады
Кедейлер үшін де қол қос
Күнделікті бала-шағасы үшін де дұғаға екі қол ойла
Тура жиырма алты қол болады.
Міне менің анамның туп -тура жиырма алты қолы бар
Аааа кешір досым мен дұрыс түсінбептім.
Мұғалім сөзі : Иә балалар айтқандарыңның бәрі дұрыс
Аналарыңның қолдары тіпті одан да көп. Олар бәрін
істей алады. Міне сендердің аналарың дәл осындай
жандар.
Би «Үш меркі»
1 жүргізуші Келген қонақтарға сұрақтар
Балалық шақтарыңыз жайлы әңгімелеп берсеңіздер?
Осы мейрам сіздердің жанұяларыңызда қандай ерекшелікпен өтеді?
Өздеріңіздің аналарыңыз туралы, сол кісілердің тәлімі, жайлы кішкене әңгіме айтсаңыздар?
Қазіргі педагогтар мен ата-аналарды толғандырып жүрген проблемалардың бірі «қиын бала»мәселесі. Жалпы қиын бала деген кім?және ол қайдан шығады?
Балаларыңыз сіздердің қандай жақсы қасиеттеріңізді
үлгі тұтатынын анық білесіз?
Болашақ ұрпаққа тілегіңіз?
Ең үлкені оқушыларға «Бата» берсе
Сый кәде: Сыйлықтарын тарату
Қонақ кәде: Келген қонақтардың біреуі ән айтып берсе?
7 оқушы Жасынан сүйіп өскен балақаның
Мөлдір Бір ғана сенім артар балапаның
Бір сәтке ұмытамын қиындықты
Сипаса маңдайымнан алақаны
8 оқушы Туғаннан құлыным деп аймалаған
Қар Өзіңнен қымбат адам қайда маған
Дүние аналармен көрікті ғой
Онсыз бір бұлбұлда сайрамаған
9-оқушы Арулар-аяулылар,ардақтылар
Мадина Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар
Арулар-тіршілікке күре тамыр
Өмірді бір-бірімен жалғап тұрар
2 жүргізуші Адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар.Ана
қарызы алтынға бөлеуді немесе ақ орда салуды
қаламайды ана баласының ер жетіп адам болуын
қалайды.Анаға одан артық тартудың қажеті жоқ.
10 оқушы «Мен қарапайым қарттарды сүйем»
Назым
11 оқушы «Шеше сен бақыттысың»
Ақжол
2 Жүргізуші Би «Саржайлау»
1 жүргізуші Аналар қалқып бақыт аралында
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен кешімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәрәңіздің қадамыңызға-дей отырып бүгінгі кешімізді аяқтаймыз! Келгендеріңізге көп-көп рахмет.
Қорытынды сөз: Кітапханашы Исембаева Майра апайға беріледі
Достарыңызбен бөлісу: |