Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


омардың өзінен кейін келетін халифаға



Pdf көрінісі
бет219/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

омардың өзінен кейін келетін халифаға 
насихаты
Омар (р.а.) былай деген: «Менен кейін ке-
летін халифаға алғашқы мұһажырлардың құқығын 
қорғауға, оларға құрмет көрсетуге кеңес берер едім. 
Мұһажырлардың һижреттен бұрын Мәдинаны ме-
кендеген ансарларға жақсы қарауын, олардың 
жақсылықтарын асырып, жамандықтарын жасыруды 
өсиет етемін. Халифа басқа шаһар халықтарына да 
жақсы қараса екен деймін. Өйткені, олар – Исламның 
жәрдемшілері, қазынаның қолдаушылары. Олардан 
тек өз еркімен беретін, қажеттіліктерінен артылған 
мал ғана алынсын. Менен кейінгі халифаға бәдәуи 
арабтарға жақсы қарауды ұсынамын. Өйткені, олар 
– арабтың тамыры және Ислам шығып, өркендеген 
бүршік. Олардың дәулетті адамдары уақ малдарының 
белгілі бір бөлігін кедейлерге бөліп берсін. Халифаға 
Аллаһ пен расулының қамқорлығына кіргендердің 
құқықтарын толығымен қорғауды, оларға шамасы жет-
пейтін жүк жүктемеуді ұсынамын»
495
.
Касым бин Мұхаммедтің риуаяты бойынша, 
Омар (р.а.) былай деген: «Менен кейін бұл қызметті 
өз міндетіне алатын адам алыс және жақын барлық 
адамның көңілінен шыға білуі тиіс. Халық арасында 
халифалыққа лайық адамның жағдайына қызықпаймын, 
оны басқарғаннан гөрі басымның шабылғанын қалар 
едім»
496
.
495
Ибн Әбу Шәйба, Мусаннәф 7/435 (37059)
496
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 5/881 (14188)


465
Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі
омардың Әбу убайдаға айтқандары
Салих ибн Кәйсан айтады: «Омардың (р.а.) 
халифалық қызметке келгендегі алғашқы әмірі Ха-
лид ибн Уәлидті орнынан босатып, Әбу Убайда ибн 
Жәррахты әскер қолбасшысы етіп тағайындаумен 
байланысты: «Саған өзінен басқасы тұрлаусыз, 
фәни болатын Аллаһтан қорқуға кеңес берер 
едім. Ол бізді адасушылықтан тура жолға салды, 
күпірліктің қараңғылығынан алып шығып, иманның 
жарқын нұрына бөледі. Сені Халид ибн Уәлид 
басқарған әскерге қолбасшы етіп тағайындадым. 
Сарбаздардың құқықтарын қорға, олжа түсіруді 
көздеп, мұсылмандарды соқыр тәуекелге салып, ба-
сын қатерге тікпе. Алдын ала зерттеп-зерделемейінше, 
ой-шұқырын, қалтарыс-бұлтарысын жақсы білмейтін 
жерге ешқашан түнеме. Қай жерге әскер аттандырсаң 
да, сарбаздардың қарасы мол, дайындығы зор болсын. 
Өзіңді және мұсылмандардың басын қауіп-қатерге тігу-
ден сақтан. Аллаһ сені мен арқылы, ал мені сен арқылы 
сынайды. Дүние-мүлікке қызығып, жүрегіңе дақ салма. 
Дүние сенен бұрынғылардың түбіне жеткеніндей сені 
де солай бәлекетке душар етпесін. Олардың сүрінген, 
құрыған осал тұстарын сен менсіз де жақсы білесің!»
497


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет