Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Әбу бәкірдің шурахбил ибн хасанаға



Pdf көрінісі
бет218/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

Әбу бәкірдің шурахбил ибн хасанаға 
айтқаны
Мұхаммед ибн Ибраһим ибн Харис әт-Тәйми айта-
ды: «Әбу Бәкір (р.а.) Халид ибн Саидті (р.а.) қызметінен 
босатқан кезде, әскер қолбасшысы Шурахбил ибн 
Хасанаға былай дейді: «Халид ибн Саидті бағала, 
оның сенде белгілі бір құқы барын ұмытпа. Ол сенің 
қолбасшың болған жағдайда, одан не күтетініңді ойла 
да, соған орай әрекет жаса. Оның Исламдағы орнын 
білесің. Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
дүниеден 
озарда, Халид ибн Саид оның тағайындаған әкімі бо-
латын. Мен де сол қызметке тағайындаған едім, бірақ 
кейін босатқанды жөн көрдім. Бәлкім, бұл ол үшін одан 
да қайырлы болар. Оған әскер қолбасшысын таңдауға 
ерік бергенімде, ол сені басқалардан, тіпті көкесінің 
баласы Йәзид ибн Әбу Суфияннан артық көрді. Сен 
біреудің кеңесін керек қылсаң, алдымен Әбу Убайда 
491
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 5/846 (14095)


462
Сахабалар салған сара жол
ибн Жәррахпен, сосын Муаз ибн Жәбәлмен, сосын Ха-
лид ибн Саидпен ақылдас. Олардың кәсіби әрі өмірлік 
тәжірбиесі мол. Олармен ақылдаспай өздігіңнен әрекет 
етпе, қандай жағдай болса да, олармен міндетті түрде 
ойыңды бөлісіп отыр»
492
.
Әбу бәкірдің йәзид ибн Әбу Суфиянға 
айтқандары
Харис ибн Фудайл айтады: «Әбу Бәкір (р.а.) Йәзид 
ибн Әбу Суфиянды қолбасшылыққа тағайындап, оған 
былай деді: «Ей, Йәзид, сен әлі жассың, жас болсаң 
да бас болып, өзіңді жақсы жағыңнан көрсетіп, іскер-
лік қабілетіңді таныттың. Бұл – сенің жеке басыңның 
қасиеті. Сені сынағым келді. Сені отбасы, ошақ қасынан 
жырақ, алысқа жіберу арқылы сенің қабілетіңді байқап 
көремін, қолбасшылықты өз деңгейінде алып жүре 
аласың ба, жоқ па, соны тексергім келеді. Егер жетістік-
ке қол жеткізсең, саған бұдан да жауапты қызметтерді 
тапсырамын. Егер алып жүре алмасаң, сені дереу 
қызметіңнен босатамын. Халид ибн Саид басқарған 
әскер саған аманат. Әбу Убайда ибн Жәррахпен 
қатынасың жақсы болсын. Оның Исламдағы алатын 
орнын білесің. Өйткені Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи 
уә сәлләм)
: «Әр үмбеттің бір сенімді адамы болады, бұл 
үмбетің сенімдісі – Әбу Убайда ибн Жәррах», – деген. 
Оның артықшылығы мен Исламдағы алатын орнын 
ешқашан ұмытпа. Муаз ибн Жәбәлді де құрметте, оның 
сөздеріне мән бер. Оның Расулаллаһпен бірге барлық 
соғысқа қатысқанын білесің. Аллаһ расулының ол ту-
ралы: «Қиямет күні Муаз ибн Жәбәл ғұламалардан оқ 
492
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 5/920 (14288)


463
Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі
бойы озық тұрады», – деген. Осы екеуімен ақылдаспай, 
ешқашан нақты шешім қабылдама. Олар сенен 
қолыңнан келген жақсылығын аямайды».
Әбу Бәкір ағалық ақыл-кеңесін айтқаннан кейін
Йәзид ибн Әбу Суфиян: «Ей, Аллаһ расулының халифа-
сы! Олар туралы маған айтқаныңдай, оларға да мен ту-
ралы айт», – дейді. Әбу Бәкір: «Әрине, міндетті түрде», 
– дейді. Йәзид: «Аллаһ саған әрдайым рақымдылықпен 
қарасын, Исламға жасаған қызметтерің үшін сені сый–
сияпатқа бөлесін», – дейді
493

Йәзид ибн Әбу Суфиян (р.а.) басқа бір риуаятта бы-
лай айтады: «Әбу Бәкір (р.а.) мені Шамға аттандырып 
тұрып былай деді: «Қызметіңді пайдаланып, өз туыста-
рын жақын тарта ма деп, сен үшін алаңдаймын. Йәзид, 
сөзіме құлақ сал! Сенің жақындарың, туыстарың бар. 
Пайғамбарымыз «Мұсылмандардың қандайда бір ісін 
өз міндетіне алған адам біреуді қызметке тағайындап, 
заңсыздыққа жол беріп, оларға басшы етсе, оған 
Аллаһтың лағынеті жаусын! Аллаһ оның парыз және 
нәпіл ғибадаттарын қабыл етпейді, оны тозаққа тастай-
ды. Кім бауырының малын басқа біреуге тартып алып 
берсе, оған да Аллаһтың лағынеті жаусын!» – деген. 
Аллаһ адамдарды өзіне иман келтіруге, осылайша өз 
қамқорлығына кіруге шақырған. Сондықтан, Аллаһтың 
қамқорлығында болған адамға қиянат, заңсыздық 
жасаған адам міндетті түрде Аллаһтың азабы мен 
қарғысына ұшырайды»
494
.
493
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 5/848 (14100)
494
Ахмад ибн Ханбәл, Мүснәд 1/6 (21)


464
Сахабалар салған сара жол


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет