Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Әбу бәкірдің Амр ибн әл-Асқа айтқан на-



Pdf көрінісі
бет217/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

Әбу бәкірдің Амр ибн әл-Асқа айтқан на-
сихаты
Абдуллаһ ибн Әбу Бәкір ибн Мұхаммед ибн Амр 
ибн Хазм айтады: «Әбу Бәкір (р.а.) Шам аймағына әскер 
аттандыру жөнінде шешім қабылдап, алғаш рет Амр 
ибн Ас басқарған жарақты қолды Палестинаның Әйле 
қаласына жібереді. Амрдың қарамағындағы сарбаздар 
саны үш мыңның ар жақ-бер жағында болды, арала-
рында мұһажырлар мен ансарлардың қарасы мол. Әбу 
Бәкір мұсылман әскеріне ақ жол тілеп тұрып, Амрға мы-
надай насихат айтады: «Ей, Амр! Жасырын және жария 
жүзеге асыратын барлық ісіңде Аллаһтан қорық, Одан 
ұялатын бол. Өйткені, барлық әрекетің оған аян. Ей, 
Амр! Мен сені сенен бұрын Исламға кірген, Ислам мен 
оны ұстанғандарға сенен гөрі пайдасы көбірек тиетін 
адамдардан артық көріп, саған сарбаздардың тағдырын 
сеніп тапсырдым. Сондықтан, сен ақырет үшін жұмыс 
істейтіндердің қатарында бол, не істесең де Аллаһтың 
разылығын көзде, қарамағыңдағылардан әкелік 
қамқорлығыңды аяма, олардың жеке өміріне қол сұқпа, 
көргеніңмен шектел, шешім қабылдағанда тұрақты бол, 
қас жауыңмен кездескенде абдырама, ұстамды бол, 
қиянат жасағандарды дереу жазала. Адамдарды көп 
сөйлеп, өзіңнен бездіріп алма, қысқа да нұсқа сөйле. Өз 
нәпсіңді түзет, сонда халқың да бұйрықтарыңды екі ет-
пей саған бағынатын болады!»
490
Әбу бәкірдің Амр мен уәлид ибн уқбаға 
айтқан өсиеті
Касым ибн Мұхаммед айтады: «Әбу Бәкір (р.а.) 
Құдаа тайпасының зекеттерін жинауды Амр ибн Ас пен 
490
Әбу Нуайм, Хилия 1/36


461
Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі
Уәлид ибн Уқбаға тапсырады. Олар жолға шығарда, 
Әбу Бәкір ұлағатты сөзін айтып, ақ жол тілейді. Кейін 
екеуіне мынадай хат жолдайды: «Құпия және ашық 
барлық істеріңде Аллаһтан қорық. Аллаһ тақуаларға 
азаптан құтылудың есіктерін барынша айқара аша-
ды, оған ойына да кіріп-шықпаған ризықтар береді. 
Кім Аллаһтан қорықса, Аллаһ оның қателіктерін 
кешіреді, еселеп сыйға бөлейді. Аллаһтың құлдарының 
бір-біріне тілейтіні тақуалық болып табылады. Сен 
Аллаһтың даңғыл жолдарының біріндесің, сол себепті 
бас пайдаңды ойлама, босаңсыма, діни және дүниелік 
мәселелерде немқұрайлылық танытпа. Осы қызметті 
мойныңа алдың екен, ақырына дейін мықты бол»
491
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет