Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Абдуллаһ ибн Рауаханың әділдігі



Pdf көрінісі
бет213/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

Абдуллаһ ибн Рауаханың әділдігі 
Абдуллаһ ибн Омар (р.а.) айтады: «Абдуллаһ ибн 
Рауаха (р.а.) жыл сайын Хайбарға барып, яһудилердің 
құрмалары мен жүзімдерін шамамен өлшеп, оларға 
сол шаманың жартысына салық салатын. Яһудилер 
Аллаһ расулына Абдуллаһ ибн Рауаханың үстінен өнім 
мөлшерін артық белгілейді деп шағым айтады. Екінші 
жағынан, Абдуллаһ ибн Рауахаға пара бермек болады. 
Сонда Абдуллаһ ибн Рауаха: «Ей, Аллаһ дұшпандары! 
Мені күнәға итермелемеңдер. Аллаһқа ант етемін, мен 
сендерге пайда табу үшін емес, адамдардың абзалы 
Аллаһ расулының тапсырған қызметін орындау үшін 
келдім. Сендер мен үшін маймыл мен доңыздан да 
бетерсіңдер. Алайда мынаны ескеріңдер: сендерді жек 
көруім мен Аллаһ расулына деген сүйіспеншілігім мені 
әділетсіздікке итермелемейді», – дейді. Олар Ибн Рауа-
ханы еріксіз мақұлдап: «Міне, осы әділдіктің арқасында 
ғой, жер мен көктің орнында тұрғаны», – деп жауап бе-
реді
479
.
Миқдат ибн Әсуадтің әділдігі 
Харис ибн Суәйд айтады: «Бірде Миқдат ибн 
Әсуад шағын қолмен шығады. Ойламаған жерден 
жаудың қоршауына тап болып, қолбасшылары сарбаз-
дарына көліктерін шығармауды бұйырады. Алайда, 
қолбасшысының бұйрығынан бейхабар сарбаздардың 
біреуі көлігін шығарып жібереді. Қолбасшы оның са-
зайын береді. Ол қайтып келе жатып, жолдастарына: 
«Ешқашан дәл бүгінгідей таяқ жеген емеспін», – дей-
ді ұнжырғасы түсіп. Сәлден соң Миқдат оның қасына 
келіп: «Неге тұнжырап отырсың?» – деп сұрайды. Ол 
479
Ибн Кәсир, әл-Бидая 4/199


455
Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі
басынан өткен жағдайды айтып береді. Жолдасының 
басынан өткен әдепсіздікке төзбеген Миқдат қаруын 
сайлап, досын өзімен бірге ертіп алып, қолбасшыға ба-
рады. Қолбасшыға: «Мынаны ұрғаның жөн емес. Сенен 
ақысын алуы тиіс», – дейді. Қолбасшы өзінің ағаттығын 
мойындап, арқасын тосса да, сарбаз қолбасшысын 
кешіреді. Миқдат жолда серігіне: «Мен міндетті 
түрде Ислам күшейіп, жеңіске жеткен кезеңді көретін 
боламын!»
480
– дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет