«Бекітемін»
Мектеп директоры: _____________ М. Жумашов « »______2019ж
«Келісемін»
Қосымша білім беру маманы: _____________ Қ. Ақбаев « »______2019ж
«Қаралды»
Бірлестік жетекшісі: _____________ А. Жамет « »______2019ж
«Алаштану» үйірмесінің
жылдық жоспары
Пән мұғалімі: Жамет А
Сыныбы: 8 «Б»
2019- 2020 оқу жылы
Түсінік хат
Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметіне көзқарас ХХ ғасырдағы қазақ қоғамының ойы үшін ең азапты құбылыстардың бірі десек, шындыққа қайшы келмейміз.Өмірге келгеніне жүз жылдай уақыт өтсе де,Осынау қозғалысқа байланысты саяси және теориялық мәселе өз зәрулігін бүгін де жойған жоқ, қайта уақыт талабына сәйкес жаңа мәнге ие болып отыр.
ХХ ғасырдың басында қазақтың мемлекеттігін ту етіп көтерген, дербес мемлекеттің тұңғыш рет қалыптасуына күш салып, аз уақыт болса да, мемлекет негіздерін бекемдеген «Алаш» азаматтары еді.
Қазіргі уақытта Алаш азаматтарын тану, олардың еңбектерін халыққа таныстыру әлі де төменгі деңгейде қалып отырғанда «Алаштану» үйірмесінің берері мол.
«Алаш»қозғалысы екі мәселені: Азаттық және Ұлттық мемлекет құру мәселесін көтерді. Оқушыларға осы қозғалыс туралы, жалпы қозғалыстың қайраткерлері туралы мағлұмат беріледі.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев : «Ғасыр басындағы мемлекет мүддесін ойлаған ұлты қазақтардың жеке басының тағдыры да қасіретті болды. Алайда, ұлттық жігер мен толысқан зерде сабағы ұмыт болған жоқ. Жүзжылдықтың алғашқы жартысындағы қазақ зиялыларының жеке басының қасіретімен қатар,өрілген қызметі өзінің бірегей құбылыс ретінде тұжырымды деңгеймен де осы заманмен үндес»,- деп ерекше көрсеткені Алаш тарихын ұрпаққы толыққанды жеткізуге уақыттың келгенін хабарлағандай.
Мақсаты:
Оқушыларға қазақ халқын отарлық езгіден құтқарып, буржуазиялық- демократиялық мемлекет құруды аңсаған Алаш азаматтарының ұлтжандылығын, күрескерлігін, қайраткерлігін насихаттау.
Міндеті:
Ерекшелігі:
Оқушыларға «Алаш» қозғалысы, жалпы қозғалыстың қайраткерлері туралы кең көлемде мағлұмат беріледі.Алаш қозғалысының тарихи маңызын ұғындырады.Ой –өрісі дамыған, өз тарихын жете меңгерген саналы тұлға қалыптастырады.
Болжамы
Егер аталған үйірме меңгерілсе, онда оқушы «Алашорда» үкіметі және Алаш азаматтары жайында жан-жақты мағлұмат алып, еліміздің мемлекет болып қалуы үшін қасық қаны қалғанша тер төккен абзал азаматтарымыздың есімін мәңгі ардақтап өтер тұлға қалыптасады.
9-сынып (аптасына 1 сағат)
Барлығы 34 сағат
Достарыңызбен бөлісу: |